Меню

Страницы

Статья

Қонаев қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Алматы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен ресми кездесуі өтті

2026 жылғы 3 наурызда Қонаев қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Алматы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен ресми кездесуі өтті.

Келелі кездесу еліміз үшін аса маңызды қоғамдық-саяси іс-шара – Жалпыұлттық референдумды өткізу мәселелері мен конституциялық реформаларды талқылауға арналды. Жиын басында Облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дәуітәлиев және облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Тұрымбетов сөз сөйлеп, қоғамдағы оң өзгерістер мен алдағы науқанның маңыздылығына тоқталды.

Жиынның негізгі бөлімінде Мәлік Отарбаев баяндама жасап, жаңа Конституцияның мемлекеттік құндылықтарды нығайтудағы және ішкі-сыртқы сын-қатерлерге төтеп берудегі айрықша рөлін саралады. Жаңа Ата заң жобасының ел егемендігін, аумақтық тұтастықты және ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған нақты құқықтық нормалармен толықтырылғанын атап өтті. «Адал азамат – Біртұтас ұлт – Әділетті мемлекет» үштағанын ұлттық мұрат ретінде сипаттап, Мемлекет басшысының «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты мен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделін түсіндірді. Сонымен қатар, баяндамада цифрландырудың, білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы маңызы сөз болып, қатысушылар референдумның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Жиынды қорытындылай келе, Облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев талқыланған конституциялық реформалар мемлекеттігімізді нығайтудың кепілі екенін және мұндай кезеңде қоғамның ауызбіршілігін сақтау баршаға ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.

Дата публикации
05 марта 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы