2026 жылғы 25 ақпанда Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауда 6 азаматтың өтініші қаралып, мемлекеттік қажеттілік үшін жерді алып қоюға өтемақы төлеу, мемлекеттік грант алу, жаңа мектептер салу, фитосанитариялық қауіпсіздік, автомобиль жолдарының жай-күйі және жол жөндеу мәселелері көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімдіктеріне және облыстық басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері белгіленді. Жеке қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің бақылауына алынды.