Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.
2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде банктер 01.09.2020ж. қайта қаржыландыру бойынша 176,6 млрд теңге сомаға 28 311 өтінімді мақұлдады, 163,4 млрд теңге сомаға 27 258 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдың басынан бастап 5,2 млрд теңге сомаға 608 қарыз қайта қаржыландырылды.
01.01.2016 жылға дейін берілген жеке тұлғалардың валютадағы ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейтін Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 01.08.2020 ж. қайта қаржыландыру бойынша 82,7 млрд теңге сомаға 9 125 өтінімді мақұлдады, 69,1 млрд теңге сомаға 7 789 валютадағы ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдың басынан бастап 4,6 млрд теңге сомаға 381 қарыз қайта қаржыландырылды.
Бұдан басқа, банктер Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде қарыздары бұрын ХӘОТ санаты бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және жеңілдік берілген төлем кестелерін белгілеу түрінде қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банктің балансындағы қарыз алушының жалғыз үйін оның меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.