Меню

Страницы

Статья

Қысқаша қорытынды: қаржы реттеушісі тамыз айында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қандай өтініштерін қарады

 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне азаматтар қандай сұрақтар қойды?

2020 жылғы тамызда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі қайта құрылымдауды/берешекті есептен шығаруды, оның ішінде  Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының  шарттары бойынша жүргізуді қоса алғанда, қарыз алушыларға кредиторлар тарапынан қосымша қолдау алуға жәрдем көрсетуге бағытталды.

2020 жылғы тамызда Агенттік қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1161 өтінішін қарады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,1%- ға (немесе 994 өтінішке) аз және өткен аймен салыстырғанда 26,4%-ға (немесе 417 өтінішке) аз.

Ағымдағы жылдың тамыз айында қаралған өтініштер санының төмендеуінің негізгі себебі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шаралардың әлсіреуі болып табылады.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 64%-ын құрайды. Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының түсіндірмелерін және қаржы нарығының субъектілері немесе қаржылық көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ұсыну қаралған өтініштердің жалпы санының 27%-ын құрайды. Қалған бөлігі қаржы нарығының секторлары бойынша былайша бөлінген: микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша – 5%, сақтандыру нарығының субъектілері – 1%, бағалы қағаздар нарығының субъектілері – 2% және коллекторлық агенттіктер бойынша – қаралған өтініштердің жалпы санынан 2%.

Есепті кезеңдегі банк секторында өтініштердің өзекті мәселелері: кредиттер бойынша қосымша төлем мерзімін кейінге қалдыруды алу; берешекті қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру (оның ішінде мемлекеттік бағдарлама шарттары бойынша) және кешіру; банк секторы бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру болды. Сақтандыру секторында сақтандыру төлемін жүзеге асырмау немесе сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау мәселелері қаралды. Микроқаржы секторында - ай сайынғы төлем мен ЖТСМ мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексеру; микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру.

Коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері, коллекторлық агенттіктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру мәселелері қаралды.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Агенттік ағымдағы жылғы 26 наурыздан бастап жедел желіні іске қосты (колл-орталық +7 (727) 2788 144 және  +7 (727) 2788 122, электрондық пошта: Fingramota@finreg.kz және TAL@finreg.kz), ол арқылы халыққа консультация беріледі және жеке тәртіппен проблемалық мәселелер шешіледі. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 22,2 мыңнан астам азаматқа түсіндірме берілді. Өтініштерде көрсетілген ең өзекті мәселелер: әлеуметтік төлемдерді алуға кедергі келтіретін шоттардағы шектеулер; кредиторлардың қарызды қайта құрылымдаудан, төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуы; кредиттік ұйымдардың ағымдағы төлемдерді жүргізу қажеттілігі туралы хабарламалары және міндеттемелерді орындамау, кредит тарихының нашарлауын қоса алғанда төлем мерзімін кешіктірудің салдары туралы ескертулері; кредитордың қызметін тоқтата тұру кезеңде сыйақыны есептеу; кредиторлардың кейінге қалдыру кезеңінде есептелген борыштың барлық сомасын бірыңғай төлеммен төлеу талаптары;  төтенше жағдай кезеңінде, оның ішінде төлем мерзімін кейінге қалдыруымен тұтынушылар өтініш жасағаннан кейін міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдырғаны үшін өсімпұл мен айыппұлдарды есептеу.

Қазақстанның қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 қаулысымен қабылданған Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде жұмыс жүргізілуде. Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобильдік қосымша іске қосылды, тамыз айында оны жүктеу саны 900-ден асты. Осы мобильдік қосымша арқылы азаматтардан мынадай тақырыптар бойынша сұрақтар келіп түсті: банктік кредиттер мен микрокредиттер бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту, карточкаларды бұғаттан шығару, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау және т.б.   

 

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы