Алматы облысында қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 570 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет орталығы: 350 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» (оның ішінде 30 орындық күндізгі болу бөлімшесі) және 220 орындық «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыс істейді. Орталықтарда бүгінгі күні 432 адам (о.і. 315 қарт және 117 мүгедек) қызмет алуда.
2020 жылдың 1 қазан күні аталған мекемелерде барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Мекеме қызметкерлері мен қызмет алушы тұрғындардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, қарияларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында қызмет алушыларға мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.