Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық материалдар

Аудиороликтер

«Дауыс беруге арналған бюллетень»

2026 жылдың 15 наурызында «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдумда әрбір қазақстандық жеке дауыс береді. Бюллетень жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде референдумда дауыс беруге құқылы азаматтар тізімі негізінде беріледі. Содан кейін Сіз бюллетеньді алғаныңыз туралы тізімге қол қоясыз.

Бюллетень жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Бюллетеньде Сіз өзіңіз жақтап дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қоясыз. Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзету енгізуге болмайды. Толтырылған бюллетеньді дауыс беру жәшігіне саласыз.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

Республикалық референдумда дауыс беретін күні қолданылатын шектеулер мен тыйымдар

(республикалық референдум және сайлау туралы заңнамаға сәйкес)

1. Дауыс беру күні үгіт жүргізуге тыйым салу

Дауыс беру күні референдумға қойылған мәселе бойынша «қолдаймын» немесе «қарсымын» деген мазмұнда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Үгітке мыналар жатады:

  • референдумға қойылған мәселе бойынша «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беруге шақыру;
  • үгіт материалдарды (баспа, аудиовизуалды) тарату;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда үгіт жарияланымдар орналастыру;
  • белгілі бір ұстанымды қолдауға шақыратын үгіт іс-шаралар (жиналыстар, митингілер, азаматтардың жиындары);
  • мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы үгіт хабарламалар тарату;
  • толтырылған бюллетеньді көрсету (жариалау).

Сондай-ақ жаңа үгіт материалдарды орналастыруға немесе бұрын жарияланған материалдарды жаңартуға тыйым салынады. Интернет-БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде үгіттік материалдардың астындағы пікір қалдыру функцияларын өшіру ұсынылады.

Тек республикалық референдум туралы, дауыс беру барысы туралы ғана ақпарат таратуға (үгіт үндеулер мен бағалауларсыз) жол беріледі.

2. Қоғамдық пікірге сауал салулардың нәтижелерін жариялауға тыйым салу

Дауыс беру күні:

  • қоғамдық пікірге сауал салулардың нәтижелерін жариялауға;
  • референдум нәтижелері бойынша болжамдарды жариялауға тыйым салынады.

Бұл тыйым барлық бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге және өзге онлайн-платформаларға қолданылады.

Сондай-ақ дауыс беру күні дауыс беру үй-жайында немесе пунктінде қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

3. Референдум учаскесінде үгіт жүргізуге тыйым салу

Дауыс беру үй-жайы саяси бейтарап аймақ болып табылады.

Референдум учаскесінде:

  • үгіт плакаттар мен басқа да баспа материалдарын орналастыруға;
  • үгіт парақшаларды таратуға;
  • үгіт символиканы (логотипті) көрсетуге;
  • азаматтарды белгілі бір түрде дауыс беруге шақыруға тыйым салынады.

4. Референдум учаскесінде адамдардың болуына қойылатын шектеулер

Дауыс беру күні дауыс беру үй-жайында референдум процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

Референдум учаскесінде тек заңнамада көзделген адамдар ғана бола алады:

  • учаскелік референдум комиссиясының мүшелері;
  • дауыс беруге келген азаматтар.

Сонымен қатар төмендегі тұлғалар тиісті аккредиттеу және (немесе) құжаттары болған жағдайда учаскеде бола алады:

  • Қазақстан Республикасының аккредиттелген қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары;
  • Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
  • шет мемлекеттердің байқаушылары;
  • халықаралық ұйымдардың байқаушылары;
  • шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аккредитациясы болған жағдайда);
  • ішкі істер органдарының қызметкерлері (комиссия төрағасының шақыруы бойынша).

Көрсетілген мәртебесі жоқ бөгде адамдардың референдум учаскесінде болуына жол берілмейді.

5. Референдум комиссиясының жұмысына араласуға тыйым салу

Келесіге жол берілмейді:

  • референдум комиссияларының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі қызметіне араласуға;
  • дауыс беруді өткізуге кедергі келтіруге;
  • азаматтардың референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі келтіруге тыйым салынады.

6. Дауыс беру құпиясын сақтау

Дауыс беру құпиясы референдум өткізудің міндетті қағидаты болып табылады.

Келесіге жол берілмейді:

  • дауыс беру кабинасында бөгде адамдардың болуына;
  • азаматтың таңдауын бақылауға немесе фото-, бейнетіркеу жүргізуге;
  • толтырылған бюллетеньді көрсетуге (жариалауға) жол берілмейді.

7. Референдум учаскесіндегі мінез-құлық қағидалары

Референдум учаскесіндегі барлық адамдар:

  • заңнаманы сақтауға;
  • референдум учаскесіндегі тәртіп ережелерiн қатаң сақтауға мiндеттi

8. Учаскеде тәртіп бұзған адамдарды шығару

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.

Осы шешiмнің орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды.

https://www.gov.kz/referendum?lang=ru
https://referendum2026.gov.kz/ru
https://referendum.gov.kz/ru

Дата публикации
12 февраля 2026
Дата обновления
13 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы