2026 жылғы 29 қаңтарда Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында 6 азаматтың өтініші қаралып, азаматтар жол инфрақұрылымы, әлеуметтік көмек, мүгедектік рәсімдеу, білім беру гранты, жер қатынастары, атаулы әлеуметтік көмек және спорт саласына қатысты мәселелерді көтерді.
Әрбір өтініш бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері белгіленді. Көтерілген мәселелердің орындалуы облыс әкімінің бақылауына алынды.