Облыс әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру, оның ішінде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, мемлекеттік және қосалқы қызметтердің 293 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 11,2 млнға жуық қызмет көрсетілді (2024 ж. – 11 736 022).
Мемлекеттік қызметтердің 90,6% денсаулық сақтау, 3,2% білім, 1,8% жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына тиесілі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың көрсетілуін бақылау болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 170 бақылау іс-шаралары өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында 1731 бұзушылық анықталып, нәтижесінде 58 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс – шаралардың жалпы саны 3392 құрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 69 қызметкер өтті.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі барысында 177 ұсыныс берілді.