Жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жергілікті маңызы бар проблемаларды шешу болып табылады.
Облыста 2022 жылдан бастап проблемалық сұрақтардың тізбесі қалыптастырылып, бастапқы 1 033 сұрақтың 385-і шешімін тапқан. Қосымша 110 сұрақ қосылып, қазіргі таңда шешуді қажет ететін мәселелер саны – 758.
Проблемалық сұрақтардың басым бөлігі тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық (268), автомобиль жолдары (119), денсаулық сақтау (109), білім (96) және құрылыс (61) салаларына тиесілі
Облыстың өзекті мәселелерін шешуге 2025 жылға бюджеттен 56,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 36 жаңа жоба жоспарланған. (2024 жылы – 89,5 млрд. теңге, оның ішінде 94 жаңа жоба).
Аталған мәселелер кезең-кезеңмен шешілуде.