Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша психикалық бұзылыстардың ауыртпалығы өсуін және әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесіне елеулі әсер етуін жалғастырып, әлеуметтік сала, адам құқығы мен экономика үшін салдары қауіпті болуда.
Азаматтардың психикалық салауаттылығы – өмірдің толыққанды және маңызды болуын, қоғамның белсенді және жасампаз мүшесі болуларына мүмкіндік беретін жоғарғы өмір сапасының маңызды құрамы. Қоғамның психикалық саулығы психикалық саулықты қамтамасыз ететін өмір салтын қабылдауға ықпал етеді. Психикалық денсаулықты нығайту шаралары барлық адамдарға, оның ішінде психикалық мәселелері бар адамдар мен оларға күтім жасайтындарға бағытталуы қажет. Психикалық денсаулықты нығайтатын тиімді жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыру толықтай қоғамның психикалық саулығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда психикасы бұзылған адамдардың тән саулығының көрсеткіштері өте төмен, көбінесе темекі шегу, жеткіліксіз дене белсенділігі, дұрыс тамақтанбау мен ішімдікті тұтыну секілді мінез-құлықтың қауіпті факторлары кездеседі. Соған байланысты психикалық денсаулыққа оң әсер ететін және оны өмір бойы күшейтуге мүмкіндік беретін салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру қажет.
Психикалық денсаулықты сақтау және нығайту сұрақтары бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілген түрлі іс-шаралармен 1,8 мыңнан астам адам қамтылды. Суицидтің алдын алу және психикалық денсаулық бойынша 25 290 дана үнпарақ мен буклет шығарылды.