Жарақаттың алдын алу мәселелері өзекті болып қала береді және әлеуметтік-экономикалық мәнге ие. Жарақат – белгілі бір уақыт аралығында халықтың белгілі бір тобында тіркелген барлық жарақаттардың, соның ішінде уланулар мен сыртқы себептердің әсерінен кейбір басқа да зардаптардың санымен сипатталатын аурушаңдықтың біріншілік көрсеткіштерінің бірі.
Жұмыста жарақат алуға ықпал ететін әртүрлі себептердің ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады: көктайғақ, жаяу жүргіншілер аймағының нашар жағдайы, қажетті қоршауларсыз жүргізілген жұмыстар, аумақтардың жеткіліксіз жарықтандырылуы, баспалдақтардың нашар жағдайы, өтуге арналмаған жерлерде жүру (белгіленбеген жерден жолды кесіп өту).
Жастардың қатысуымен болатын өндірістік емес, спорттық, көше және басқа да жарақат түрлерінің қауіптілігі кем емес, олар барлық жарақаттардың көпшілігін құрайды. Жастар арасындағы жеке жарақаттың негізгі себептері электр құрылғыларынан немесе ашық оттан күйіп қалу, құлау, улану және т.б. Бұл жастардың сақтықты, тәртіпті ұмытуынан немесе жақсы физикалық дайындығы жоқтығынан, сондай-ақ шаршағандығын байқамауынан болады.
Жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін есте сақтасаңыз және орыдасаңыз, жарақаттанудың алдын алуға және болдырмауға болады.
Жарақаттанудың алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 1869 адам қатысты. Жарақаттанудың алдын алу бойынша 25 290 дана үнпарақ мен буклет шығарылды.