Меню

Страницы

Статья

«Репродуктивті денсаулықты қорғау»

Адам денсаулығын сақтау мен нығайтуда, әр адамда денсаулық сақтау дағдылары мен қауіпсіз мінез – құлықты қалыптастыруда, отбасын жоспарлауға жауапкершілікпен қарауда, ұрпақты болу денсаулығын қорғау және дені сау балаларды дүниеге әкелуде отбасы негізгі рөлді атқарады.

Отбасын жоспарлау – бұл сүйікті және дені сау баланы туу үшін әйелдер мен ерлердің денсаулығын қамтамасыз ету. Отбасын жоспарлау адамдарға отбасындағы бала санын саналы түрде таңдауға және олардың туылу мерзіміне, өз өмірін жоспарлауға, қажетсіз қорқу мен толқулардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Репродуктивті  денсаулығының жағдай-күйі көбінесе адамның өмір сүру салтымен және де жыныстық өмірге жауапкершілігімен анықталады. Бұл өз алдына отбасы қарым-қатынасының тұрақтылығына, адамның жалпы хал-жағдайына әсер ететінін ұмытпайық.

Жасөспірім кезіндегі жүктілік әрқашан қалаусыз, бұл жас ана үшін де, оның баласы үшін де қиын сынақ. Жыныстық белсенділікті ерте бастау ауыр және жағымсыз салдарға, соның ішінде жоспарланбаған жүктілікке және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға әкелуі мүмкін.

Халық арасында репродуктивті денсаулықты қорғау сұрақтары бойынша хабардарлықты арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып, 2 мыңға жуық адам қамтылды. Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша 25290 дана парақшалар мен буклеттер шығарылды.

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
26 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы