Жарақаттану балалардың және ересектердің денсаулығы мен өмірі үшін үлкен қауіп төндіріп отыр. Жыл сайын әлемде миллиондаған адамдар біреудің салғырттығы мен немқұрайлығынан немесе біреудің қылмыстық жауапкершілігінің салдарынан жарақат алып, мүгедек болып, тіпті өмірінен де айырылады. Жарақаттанулардың ішінде адам денсаулығы мен өмірі үшін ең қауіптісі жол-көлік жарақаттанулары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, жол-көлік оқиғаларының салдарынан жыл сайын әлемде 1,3 млн адам көз жұмады, олардың ішінде әрбір бесіншісі – бала, 20 млн-нан 50 млн-ға дейін адамдар жарақат және зақым алады.
Жыл сайын біздің елімізде 5 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары тіркеледі, оларда 5 мыңнан астам адам көз жұмады және 5 мыңнан астамы түрлі ауырлықтағы жарақаттанулар алады.
"ЖҚЕ білу-қауіпсіздік негізі!" Ұлттық бағдарлама шеңберінде 279 адам қамтылған 10 семинар, 39 адам қамтылған 4 пікірсайыс, 45 адам қамтылған 2 диспут, 123 адам қамтылған 2 конференция, 115 адам қамтылған 8 дәріс, 10 адам қамтылған 2 дөңгелек үстел, 70 адам қамтылған 5 конкурс, 58 адам қамтылған 5 спорттық іс-шара, 54 адам қамтылған 8 тақырыптық сабақ және викторина ұйымдастырылды.