2025 жылғы 30 қазанда облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына арналған ауқымды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік және тұрмыстық өміріне қатысты өзекті мәселелері мұқият тыңдалып, тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Қабылдауға барлығы 7 азамат қатысып, жалпы 11 сұрақ көтерілді. Тұрғындар тарапынан келіп түскен мәселелер арасында Жамбыл ауданындағы мектеп-интернатының мемлекет тарапынан қаржыландырылуы, тұрғын үй, жеке меншіктегі трансформаторды АЖК теңгеріміне өткізу, кәсіпкерлердік құқығын қорғау мәселелері және тағы да басқа ерекше назарға алынатын сұрақтар көтерілді.
Аталған сұрақтардың ішінде Жамбыл ауданынындағы кәсіпкер, ерекше топтағы балаларға арналған мектеп-интернаты және трансформаторды АЖК теңгеріміне өткізу мәселелелрі қолдау тапты.
Сонымен қатар, көтерілген сұрақтар бойынша қажетті шаралар қабылдау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.