2020 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукенов Алматы облысына арнайы іссапармен келді.
Вице-министр жұмыс сапары барысында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Аманат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Оңалту және протездік-ортопедиялық орталыққа барып, Орталықтардың қызметімен танысты.
«Аманат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 76 ұйымның жұмысына тоқталып, Министрліктің арнаулы әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарының орындалуы және карантин шараларының сақталуы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, «Аманат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры М.Бекетаев орталықтың қызметі туралы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары А.Аймағамбетов мониторинг тобының жүргізген жұмыс қорытындысы туралы және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің директоры З.Илимжанова Орталықта жүргізілген тексеру қорытындылары туралы айтып өтті.
Диалог барысында Е.Аукенов басты міндет – ашықтықты арттыру, қызмет алушылармен жұмыс сипатын өзгерту, ұсынылатын қызметтің сапасын арттыру екенін, сонымен қатар қызмет алушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін атап өтті.