Халық денсаулығы қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады. Алайда, адам өз еркімен аурудың дамуына ықпал ететін қатерлі факторларға тәуелді болатынын естен шығармау керек.
Қауіп-қатер факторлары дегеніміз – алкогольді шамадан тыс тұтыну, темекі шегу, артық тамақтану, есірткіге әуес болу, токсикомания және басқа да зиянды әдеттер.
Маскүнемдік – ағзада зат алмасу үрдісін бұзып, бауыр циррозына, адамның азуына әкеледі.
Нашақорлық қазіргі қоғамның ең өткір әлеуметтік мәселелерінің бірі болып табылады. Көптеген басқа елдер сияқты Қазақстанда да есірткіні қолданатындар санының өсуі байқалады. Бұл мәселе жекелеген азаматтардың денсаулығына ғана емес, жалпы елдің экономикасына, қауіпсіздігіне және болашағына әсер етеді.
Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу бойынша ақпараттық кампания аясында өткізілген түрлі іс-шараларда 1,5 мыңнан астам адам қамтылды. Темекішегушілік пен нашақорлықтың алдын алу бойынша 25 290 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды. LED-экран арқылы «Алкогольді тұтынудың алдын алу» тақырыбына бейне ролик көрсетілді.