Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі жетілдіріліп, қылмыс ахуалы жан-жақты талдануда.
Облыстық деңгейде 3, аудандық деңгейде 23 комиссия отырысы өткізілді, нәтижесінде 546 хаттамалық тапсырма беріліп, оның 525-і орындалып, 21-і орындауда. Нәтижелер облыс әкімі төрағалық ететін аппараттық кеңестерде жүйелі түрде талқыланып отырады.
506 іс-шараға 23 мыңнан астам адам қатысты. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 12 республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 51 937 бейнебақылау камерасы мен 325 «Сергек» кешені орнатылды.
Полицияның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 12 учаскелік полиция пункті салынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша 169 іс қаралды. Жастар арасында 210 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылып, «SAQTAN» әлеуметтік жобасы іске қосылды.