Вакцинация – адам ауру қоздырғыштарымен жанасқанға дейін аурулардан қорғаудың жеңіл, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділігін қалыптастыру үшін организмнің табиғи қорғаныш тетіктеріне әсер етіп, иммундық жүйеңізді күшейте түседі.
Аурулар сияқты, вакциналар да иммундық жүйені спецификалық антиденелерді бөлуге итермелейді. Вакцина алудың негізгі екі себебі бар: ол өзіңізді қорғауға және айналаңыздағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Вакцинацияның арқасында бүгінде 20 миллионнан астам адам жүре алады, егер вакцина алмаса, олар полиомиелит ауруынан сал болып қалатын еді. Вакцинация - қазіргі әлемнің маңызды бөлігі, ол жұқпалы аурулардың, мүгедектіктің және олардан болатын өлімнің санын азайтуға мүмкіндік береді, еңбекке жарамсыз адамдардың саны азаяды.
Вакциналар туралы толық ақпарат Egu.kz сайтында қолжетімді.
Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған түрлі шараларға 2,5 мыңнан астам адам қатысты. 53172 дана ақпараттық-білім құралдары шығарылды, соның ішінде туберкулез және вирусты гепатиттің алдын алу бойынша 5700 дана буклет, ЖРВИ және АИТВ-инфециясының алдын алу бойынша 47472 дана үнпарақ.
9 аудан және 1 қалада вакцинация бойынша билборд орналастырылды.
Лэд экрандарда тұмаудың алдын алу бойынша бейне ролик көрсетілді.