Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында Азаматтық форум өтті

Қонаев қаласында 18-ші қыркүйек күні Алматы облысының XII азаматтық форумы өтті. Шара аясында «Жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы» тақырыбы кеңінен талқыланды. Айтулы форумға Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымының орынбасары Елдар Сапаров, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, «Алматы қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестігінің президенті Қайыржан Абдыхалықов және басқа білікті мамандар келді. Бұл шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаевта қатысты.

Мәдени іс-шараның модераторы әрі ұйымдастырушысы - «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестігінің президенті, Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дауталиев болды.

Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Ғаниқызы, форумда Азаматтық Альянс жұмысының алғашқы баспалдағынан бүгінгі күнге дейінгі жетістігі, қалай өскені, артықшылығы мен кемшілігі туралы толық ақпарат берді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымының орынбасары Елдар Қайсарұлы баяндама жасады.

Форум қос бөлімнен тұрды. Алғашқысы екі панельдік сессиядан тұрды. Екінші бөлімде пленарлық отырыс болды.

«Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдастықтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы» атты панельдік сессияны Қазыбек Нұрсейітұлы, ал «Азаматтық қоғам институттарының дамуы өңірдің игілігі» деген сессияны Қайыржан Саясатбекұлы жүргізді. Мұнда жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен олардың мемлекет ісіне араласуы, азаматтық қоғам, денсаулық, сондай-ақ, өмірдегі түрлі келелі мәселелер – қос сессияның тақырыбына тұздық болды.

Пленарлық отырыста Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз алып, Азаматтық Альянс пен Қоғамдық кеңестің жұмысына ризашылығын білдіріп, өз бағасын берді. Оған қоса «Үздік әлеуметтік идеялар мен жобалары-2025» байқауының жеңімпаздары анықталып, өз жұмысының шебері бола білген кәсіби мамандар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Айта кетейік, комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен «Үздік әлеуметтік идеялар мен жобалары-2025» байқауының бағалау критерийлеріне сәйкес әр ауданнан үздік үміткер анықталып, оларға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.

Мысалы, «Ашық қоғам – ортақ шешім» қоғамдастық жиналысы мен құқықтық және мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттандыру жобасының авторы, «Кеген ауданын тұрақты дамыту» қоғамдық қорының төрағасы Мақпал Садықова;

«Жергілікті қауымдастық – екінші үміт мекені» тақырыпта «Azamatsha KZ» қайырымдылық қорына Ильзат Авахриев;

«Цифрлық сауаттылық қолданбалы ананың мүмкіндігі» жобасының авторы, «Ақжүніс» Балқаш аудандық әйелдер қауымдастығы» төрайымы Гүлнәр Зикирова бес жүз мың теңгені қанжығаларына байлады.

Форум облыстық филормонияның ұйымдастыруымен болған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Дата публикации
25 сентября 2025
Дата обновления
07 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы