Есепті кезеңде Алматы облысының әкімдігіне барлығы 45 622 өтініш келіп түскен (34 039 – жеке тұлғалардан, 10 941 – заңды тұлғалардан, 642 -ұжымдық).
Талдау барысы ағымдағы жылдың 1 жартыжылдықта өтініштердің айтарлықтай көбейгенін көрсетті, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% көбейді (7 719 өтінішке көбейді, 2024 ж - 37 903).
Жалпы келіп түскен өтініштердің ішінде арыздардың үлесі 30 098-ді құрайды немесе 66% (80% - 2024 г.), шағымдар - 2 606 немесе 6% (4% - 2024ж), басқа өтініштер (үндеу, ұсыныстар, сұрау салу) 12 918 немесе 28% (26% - 2024 ж).
Өтініштердің басым көпшілігі:
Талғар ауданына – 5 278 (14%);
Қарасай – 5 096 (14%);
Іле – 3 134 (8%);
Басқармалар бойынша:
Білім – 5 744 (15%);
Денсаулық сақтау – 2 103 (8%);
Ветеринария – 1 015 (3%);
Өтініш берушілердің әлеуметтік мәртебесі бойынша халықтың барлық дерлік негізгі топтары, көбінесе көп балалы, мүгедектер мен зейнеткерлер, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар жүгінді.
ОБЛЫС БОЙЫНША ТОП- 3 СҰРАҚТАР:
Бірінші. Тұрғын үй беру, абаттандыру және энергиямен, сумен, газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және салу - 11 345 (25%);
Екінші. Материалдық, әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, оның ішінде білім беру мәселелері – 10 812 (24%);
Үшінші. Жер беру және жер пайдалану - 7 053 (15 %).
Талдау, өткен жылы өтініштердегі мәселелердің сипаты бойынша сол бағыттардың басым болғанын анықтауға мүмкіндік берді.
Өтініштермен жұмыс істеудің маңызды критерийлерінің бірі өтініштерді ҚР Заңында белгіленген мерзімде қарау болып табылады.
Мәселен, 2025 жылдың 1 жартыжылдығында мерзімін бұза отырып қаралған өтініштер анықталған жоқ.
Сонымен қатар, бөлім үш сатылы бақылау жүйесін жүргізуде:
Жұмыс чаттары мен телефон қоңыраулары арқылы күнделікті
еске салу;
Үш-бес күн ішінде «Құжат айналым» АЖ арқылы ресми
хабарлама;
Орындалмаған жағдайда ден қою шаралары қолданылады, яғни
тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау туралы қызметтік жазбалар жіберіледі.
Апта сайын ZOOM арқылы ҚР ӘРПК сәйкес өтініштерді қарау туралы барлық деңгейдегі әкімдіктер мен облыстық басқармалардың қызметкерлерімен консультация жүргізіледі.
Ай сайын проблемалық және жүйелі мәселелерін анықтау жолымен өтініштерді мониторингтеуге байланысты талдамалық жұмыс жүргізіледі.
«Диалог алаңын» құру және жанжалды жағдайларды болдырмау үшін бөлім азаматтарға АҚО-да консультациялық көмек көрсетеді және «мұнда және осы жерде» қағидаты бойынша мәселелерді шешу үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер (аудандық әкімдіктер мен басқармалар) шақырылады.
Апта сайын аппаратық кеңеске жеке және заңты тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы талдау беріледі, ол құрылымдық бөлімшелердің басшылығына хабарланады.
Мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларының талаптарын, сондай-ақ өтініштерді қарау жөніндегі мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік актілерді сақтау туралы көшпелі семинарлар өткізіледі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және ҚР ӘРПК сәйкес барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қою үшін есепті кезеңге облыс әкімдігінің басшылығы, бекітілген кестеге сәйкес, АҚО (азаматтарды қабылдау орталығы) алаңында 58 жеке қабылдау өткізіліп, 176 азамат қабылданды.
Қабылдауларда барлығы 181 мәселе көтеріліп, аталған мәселелер бойынша 38-не түсініктеме берілді, 98 – орындады, 45 - орындау сатысында.
Өтініштермен жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және ерекше бақылауда болады.