Қымбатты оқырмандар, Fingramota.kz сіздерді жедел желі және «Fingramota Online» мобильдік қосымша арқылы азаматтармен жүргізілген жұмыс туралы хабардар етуді жалғастырады
Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жедел желіге 21,5 мыңнан астам азамат қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кредиттер бойынша мерзімін ұзарту, карантин кезеңінде міндеттемелерді орындауды кешіктіргені үшін кредитордың өсімпұл мен айыппұл есептеуі, шоттардағы әлеуметтік төлемдерді алуға кедергі келтіретін шектеулер және басқалар мәселелер бойынша жүгінді. Естеріңізге сала кетейік, жедел желі 2020 жылғы 26 наурыздан бастап жұмыс істейді.
Халық тамыз айында біздің мобильдік қосымша арқылы 200-ден астам сұрақ жібере отырып, белсенділік көрсетті. «Fingramota Online» мессенджері іске қосылған маусым айынан бастап кредиторлардың кейінге қалдыруды ұсынудан бас тартуына және кредиторлардың өзге де талаптарына, қаржы пирамидасының белгілеріне және тағы басқаларға қатысты 855-тен астам сұрақ келіп түсті. «Fingramota Online» - бұл қаржы реттеушісінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және өзге ұйымдарының қызметі, қаржылық сауаттылықты арттыру және басқа мәселелер бойынша халықпен және бизнеспен өзара іс-әрекет жасаудың қолайлы құралы. Назарларыңызға «Fingramota Online» қосымшасында неғұрлым жиі берілетін сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз.
Сұрақ: Қазіргі кезде нарықта көп пайызбен ақша салуды ұсынатын компаниялар бар. Бұл қауіпті емес пе?
Жауап: Сәлеметсіздер ме! Қаржы ұйымына ақша салмас бұрын, оның қызметін, ол ұсынатын қызметтерді және Сіз шарт жасауды жоспарлайтын талаптарды мұқият зерттеу қажет. тіпті, егер компания қаржы пирамидасы болып табылса да, шарт сізді қорғамайды.
Қаржы пирамидасын танып-білу үшін оның оған тән белгілерін білу қажет:
Егер Сіз ақшаны сеніп тапсырайын деген ұйымда осы атап көрсетілген белгілердің барлығы немесе бірнешеуі болса, онда Сіз қаржылық алаяқтық құрбаны болғыңыз келе ме дегенді ойлану керек.
Компанияның беделін және ол берген ақпараттың дұрыстығын зерттеңіз. Депозиттерді тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымдарының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің атынан қаржы реттеушісінің лицензиясы болуы тиіс.
Егер Сізде қаржы пирамидасымен байланыс жасадым деген күдік пайда болса, Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне аласыз.
Сұрақ: Кредитті төлеу кезінде қиындықтар пайда болды. Бұл жағдайды ушықтырмас үшін не істеу керек?
Жауап: Сәлеметсіз бе! Қиындықтар туындаған жағдайда дереу банкке хабарласу қажет. Банк эмоцияларға сенбейді, бірақ фактілерді қарастырады. Қазіргі уақытта кредитті өтеу мүмкін еместігін растайтын объективті құжаттар мен ақпарат беріңіз. Өтініш жазыңыз және қарызды қайта құрылымдаудың Сіз үшін қолайлы талаптарын көрсетіңіз. Банк Сіздің жағдайыңызды жеке зерттейді және қолайлы жағдайларды ұсына алады. Егер Сіз бұған дейін кредит бойынша мерзімінде төлем жасаған болсаңыз, онда банктің жеңілдік жасауы, төлемдер бойынша мерзімді ұзартуды, борышты қайта қаржыландыруды немесе қайта құрылымдауды ұсыну мүмкіндігі жоғары. Банк берілген ақшаны қайтаруға мүдделі. Ең бастысы, қиындықты жасырудың, төлемді кешіктірудің және тұрақсыздық айыбының есептелуін күтудің қажеті жоқ.
Егер банк туындаған мән-жайларды қарамаса немесе назарға алмаса, не себептерін түсіндірместен бас тартса, Сіз Агенттікке жүгінуге құқылысыз. Маман Сіздің жағдайыңызды зерттейді және қолайлы талаптарда қарызды қайтаруға көмектесуге тырысады.
Сұрақ: Банктер КВИ пандемиясына байланысты кейінге қалдыру кезеңінде өсімпұл есептеуге құқылы ма?
Жауап: Ағымдағы жылғы 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген «Төтенше жағдай кезеңінде халықты және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының № 17 қаулысына сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде барлық банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салу белгіленген.
Сұрақ: Кредит бойынша төлем мерзімін өткізіп алдым. Енді коллекторлар қоңырау шалуда. Тек маған ғана емес, туыстарыма да телефон соғуда. Дөрекі сөйлейді. Олардың бұған құқығы бар ма?
Жауап: «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес борышкермен, оның өкілімен немесе үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттікке мынадай жосықсыз іс-әрекеттерді, оның ішінде:
Айта кету керек, егер бұл ретте қарыз шартында берешекті өндіріп алу үшін үшінші тұлғаларды тартуға келісім беретініңіз көрсетілген болса, коллекторлар сіздің туыстарыңызбен байланысуға құқылы, алайда олар өздерін әдепті ұстауға тиіс.
Егер коллекторлық агенттік құқыққа қарсы әрекеттерді жүзеге асырған жағдайда, кез келген азамат банк заңнамасын және заң талаптарын сақтауы тұрғысынан коллекторлық агенттікті тексеру үшін агенттікке жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұдан басқа, егер коллекторлар қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде қорқыту немесе қорлау қолданған жағдайда, агенттіктің тексеру нәтижелерін алмай құқық қорғау органдарына жүгінуге болады, өйткені тергеу шаралары аумақтық полиция органдарының құзыретіне жатады.
Бұл ретте өтінішке кез келген қосымша мәліметтерді, аудио- және бейнежазбаларды қосуға болады. Егер тексеру нәтижесінде бұзушылық расталса, коллекторлық ұйымға тиісті шаралар қолданылатын болады.
Сұрақ: Менің тұрғын үйім ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерді орындау есебіне банктің балансына қабылданған, Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйімді меншігіме қайтару бойынша қарыз алушы ретінде маған қандай көмек көрсетіледі?
Жауап: Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының 2-1-бөлімінің 17-8-тармағына сәйкес банк қарыз алушының/кепіл берушінің/жалға алушының меншігіне баланста тұрған тұрғын үйді беру мақсатында тараптардың келісімі бойынша мыналарды жүзеге асырады:
Тұрғын үйді меншікке беру мынадай талаптармен жүзеге асырылады:
Қарыз алушыны қайта қаржыландыру 3% мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады.
Сұрақ: Сәлеметсіз бе, «оңалтылған» деген мәртебе алуға болатынын оқып етім. Бұрын кредит бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізген берешек болған. Қазір жұмыс істеймін, тұрақты жалақы аламын, кредит ресімдейін деп едім. Жоғарыда аталған мәртебені қалай алуға болады және жалпы кредиттік тарихымды қайдан білуге болады?
Жауап: Сәлеметсіз бе!
Кредиттік тарих туралы ақпарат алу үшін кез келген мынадай дереккөзге жүгінуге болады: Мемлекеттік кредиттік бюро: mkb.kz, Бірінші кредиттік бюро 1cb.kz (сондай-ақ оның мобильдік қосымшасы арқылы), egov.kz мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сайтына.
№ 53 қаулыға сәйкес кредиттік бюро 90 күннен астам мерзімін өткізуге бұрын жол берілген кредитке қатысты «оңалтылған» деген мәртебені мынадай талаптар сақталған кезде береді (мұндай өзгерістер Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 19 қаулысымен енгізілген):
Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешегін толығымен өтеген болса, онда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» мәртебесін беруі керек.
2) қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне төленбеген кредит бойынша берешек сомасының 50%-дан астамы өтелген және қарыз алушы бір жыл ішінде кредитті қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырудан кейін күнтізбелік 30 күннен астам мерзімге кешіктіруге жол бермеген.
Мысалы, егер қарыздың жалпы сомасы 500 мың теңгені құраса және қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 250 мың теңгеден астамын өтеген болса (2020 жылғы 1 қаңтар – қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру күні), бұл ретте 2020 жыл ішінде қарыз алушы төлем мерзімін кешіктіруді күнтізбелік 30 күннен асып кетуге жол бермесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» мәртебесін беруге тиіс.
3) соңғы күнтізбелік 12 айдың ішінде күнтізбелік 30 күннен астам төлем мерзімін кейінге қалдыру болмаған кезде, төлем мерзімі 90 күнтізбелік күннен асқан берешекті өтегеннен кейін.
Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімі өткен кредит бойынша берешекті өтеген болса және 2020 жыл ішінде күнтізбелік 30 күннен астам төлем мерзімін кейінге қалдыруға жол бермеген болса, онда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кредиттік бюро кредитке «оңалтылған» мәртебесін беруге тиіс.
Егер жоғарыда аталған шарттардың біреуіне сәйкес келген кезде, банк кредиттік бюроға қарыз алушы туралы мәліметтердің өзгергендігі туралы өзгерген және субъектінің кредиттік тарихына қатысты кез келген деректерді алған күннен бастап 15 күн ішінде хабарлайды және кредиттік бюро кредиттік есепте кредитке «оңалтылған» мәртебесінің көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Құрметті пайдаланушылар, сауалдарыңызды «Fingramota Online» қосымшасы арқылы жіберіңіздер, біздің мамандар сізге қысқа мерзімде жауап береді. Қосымшаны мемлекеттік және орыс тілдерінде мына сілтемелер:
App Store-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211 Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals арқылы жүктеуге болады. Сондай-ақ «Fingramota Online» веб-нұсқасы да қолжетімді.
Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз,
қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!