Алаяқтықтың құрығына неліктен дәл сіздің түскеніңіздің бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мәселен, сіз бір кездерде жеке басыңызды куәландыратын құжаттарыңызды жоғалтқансыз. Онда алаяқтар кредитті сол бойынша ресімдеулері мүмкін. Сол себепті, құжатты жоғалтқан жағдайда дереу ХҚО-ға өтініш беріп, өтініштің күні мен уақыты көрсетілген анықтама алу қажет.
Алаяқтар зиян келтіретін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы дербес деректерді ұрлай да алады – әлеуметтік инженерия технологияларының арқасында бұл қиын нәрсе емес. Конфиденциалды деректердің рұқсатсыз жария болу жолдары көп, сондықтан да өзіңіз алдын ала қауіпсіздік шараларын қабылдаңыз.
Қарапайым кеңестерді есте сақтаңыз, оларды сақтау арқылы өзіңізді және әмияныңызды қаржы алаяқтары мен ойламаған шығындардан сақтай аласыз:
Жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, өзіңіздің дербес деректеріңізді қандай да бір жағдай болмасын танымайтын адамдарға айтпаңыз және жібермеңіз. Қаржы мәселелерінде ешкімге сенбегеніңіз жөн!
Төлем картасының деректемелерін ешқашан ешкімге бермеңіз, оның ішінде әлеуметтік желілерде жария етпеңіз.
Өздерін қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырған таныс емес адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, өзіңіздің дербес деректеріңізді оларға айтпаңыз. Әңгімені аяқтағаныңыз абзал.
Телефон қоңырауына жауап беру кезінде сіз «Иә?» дейсіз бе? Мұндай дағдыңыздан арылғаныңыз жөн. Телефон алаяқтарының арбауына сеніп, өзіңіз айтқан атыңызды, тегіңізді және басқа да дербес деректеріңізді алу арқылы, олар дауысыңызды жазып алып, сізге басқа біреудің кредитін ресімдеп жіберуі мүмкін.
Конфиденциалды ақпаратты енгізіп, тіркелуді қажет ететін сайттарда HTTPS:// префиксі нің болуын тексеріңіз.
Егер сіз ұйым сайтының немесе парақшасының жалған екендігіне күмәндансаңыз, осы ұйымға хабарласып, ақпаратты нақтылаңыз.
Қол қоятын құжаттардың барлығын мұқият оқыңыз, көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз.
Осы қарапайым қағидалар сізді қаржы алаяқтарының қармағынан қорғайды!