Кредиттің сіздің атыңызға заңсыз ресімделу фактін дер кезінде анықтауға кредиттік тарих мүмкіндік береді. Өзіңіздің кредиттік тарихыңызды қадағалап отыру – бұл алаяқтардан «сақтанудың» бірден бір құралы. Кредиттік бюроның дерекқорында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және кредиттік ұйымның барлық қарыз алушылары туралы мәліметтер бар. Яғни, егер сіз өміріңізде бір рет кредит алсаңыз, онда бұл ақпарат, оның ішінде төлем мерзімін өткізу туралы ақпарат осы дерекқорда көрінеді. Сондықтан, кез келген қолжетімді көздерден өзіңіздің кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отыруды ұсынамын:
Бұл ретте, кредиттік есеп жылына бір рет тегін берілетінін есте сақтау қажет. Кредиттік бюролар кредиттік тарихты кредит туралы соңғы ақпарат алынған сәттен бастап кемінде он жыл бойы сақтайды. Есіңізде болсын, дербес кредиттік есептегі ақпарат конфиденциалды ақпарат болып табылады. Оны үшінші тұлғаларға жариялауға болмайды!