Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: "Қазгидромет" РМК 2020 жылғы 16 қыркүйектегі болжамы негізінде 2020 жылдың 17 қыркүйегінде 09 сағ. 00 минуттан 21 сағ. 00 минут аралығында Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, топрақ араласқан боран күтіледі. Найзағай кезінде батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Талдықорған қаласында күннің соңында найзағай күтіледі. Найзағай кезінде батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі