2025 жылғы 26 тамызда облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік және тұрмыстық өміріне қатысты өзекті мәселелері мұқият тыңдалып, тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Қабылдауға барлығы 5 азамат қатысып, жалпы 7 сұрақ көтерілді. Тұрғындар тарапынан келіп түскен мәселелер арасында Жалғамыс ауылының өзекті мәселелері, тұрғын үйді жекешелендіру, жер мәселесі және Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылына спорт кешені мәселелері көтерілді.
Көтерілген сұрақтар бойынша қажетті шаралар қабылдау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.