2025 жылдың 30 маусымда облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 13 азамат келіп, олар 17 сұрақ көтерді.
Қабылдау барысында облыс тұрғындары негізінен жер, саяжай және бау-бақша кооперативтерін елді мекенге қосылуы, әлеуметтік-тәуелсіздік балабақшаларында QR-код және Face ID технологиялары негізінде балалардың қатысуын есепке алу жүйесін енгізу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы алынған несиелер туралы ауқымды сұрақтарды көтерді.
Облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, олардың шешімін бақылауға алуды тапсырды.