Меню

Страницы

Статья

Жобалық кеңсе және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмысы туралы есеп

Мемлекеттік қызметтер мониторингі бойынша

Облыс әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру, оның ішінде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, мемлекеттік және қосалқы қызметтердің 283 түрін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне Алматы облысы бойынша 2809452 қызмет көрсетілді:

1) көрсетілетін қызметті берушілер көрсеткен (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсетілген қызметтердің жалпы санының 54 683 құрайды немесе 2% орындалды;

2) көрсетілетін қызметті алушымен электронды түрде көрсетілген ағымдағы кезеңге – 2 743 406 немесе 97,7%;

3) ХҚКО арқылы – 11 363  қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының немесе 0,4% құрайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі денсаулық сақтау (2 579 852 немесе 91,8%), ветеринария (54 710 немесе 1,9%) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар (37 181 немесе 1,3%)  басқармаларына тиесілі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың көрсетілуін бақылау болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан 2025 жылдың І тоқсанында барлығы 28 бақылау іс-шаралары өткізілді, оның қорытындысы бойынша 316 бұзушылық анықталып, 6 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара қолданылды.

Мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс – шаралардың жалпы саны 608 құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 25 қызметкер өтті. Мемлекеттік қызметтер мониторингі барысында 28 ұсыныс берілді.

Жобалық кеңсе бойынша.

2024 жылдан бастап «Битрикс» ақпараттық жүйесінде «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту», «Қолжетімді интернет» ұлттық жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмалары, 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің іс-қимыл жоспары және т.б. бағдарламалық құжаттары бойынша 342 жобаға жедел мониторингі қамтамасыз етілуде.

2025 жылдың 1 тоқсанында 342 жобаның 69 жобасы енгізілді.  Барлығы 68 жоба, оның ішінде ағымдағы жылдың  
1 тоқсанында 12 жоба аяқталды.

Облыстың жобалық кеңсесі мен құрылымдық бөлімшелер SCRUM-кестеге сәйкес онлайн режимде күнделікті Ұлттық жобалар мен бағдарламалық құжаттардың іске асыруды талқылау бойынша Ұлттық жобалық кеңсе және Орталық мемлекеттік органдарымен скрам-кездесулеріне қатысады.

Проблемалық мәселелер апта сайын ақпараттық табло арқылы базалық бағыттардың жетекшілеріне, басқарма басшыларына және аудан мен қала әкімдеріне жіберіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың арасында жобалық жетілуді бағалау бойынша облыстың жобалық кеңсесі алдыңғы орындарда.

 

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы