Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары 2020 жылғы 9 қыркүйекте Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «ЭЙКОС-ФАРМ» ЖШС және «ЛЕОВИТ» ЖШС ұжымдарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Ұжым өкілдеріне ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының жаңа редакциясы күшіне енгенен кейін енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы өз құзыреті шегінде салалық мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерімен айқындалатынын хабарлады.
Өлшеудің салалық тізімдерін қалыптастыру тәртібі нақтыланды. Өлшеу тізімдерін кім құрастыратынын, кім бекітетінін және қайда орналастастыралатынын.
Субъектіге бару арқылы жоспардан тыс тексеру мен профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі және анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қолданылатын шаралар қаралды.
Жұмыс кездесудің мақсаты Алматы облысындағы кәсіпорындарды ұлттық заңнама шеңберінде техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету және оларды қолданудың проблемалық мәселелерін қарау болып табылады.
Департамент мамандары барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.