Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының есебі

«Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс құжаттарын әзірлеуді және Қазақстан Республикасының өкілетті министрліктерімен келісуді ұйымдастырады.

 Облыстың ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке даярлауды және шақыруды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жергілікті әскери басқару органдарымен өзара
іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Штат бірлігі-7, қызметкерлер саны – 6, келісім-шарт бойынша – 1 бірлік.

2025 жылға арналған басқарма бюджеті 873 млн. теңгені құрайды.

2025 жылдың 20 шелдесіне қаражаттың игерілуі - 61 млн 418 мың теңге құрайды.

Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты басқармасының объектілерінің саны-
4, оның ішінде.:

Облыстық әскегре жинау пункті-1;

Аумақтық қорғаныс бригадасының ғимараты-1;

Облыс әкімі басқармасының қала сыртындағы қосалқы пункті-1;

«Алматы облысының аумақтық және азаматтық қорғанысын жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ-нің «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызмет» КММ-нің қоймалары бар ғимарат - 1.

Облыстық Аумақтық қорғаныс бригадасының қажеттіліктері үшін облыс әкімдігінің қоймаларында материалдық-техникалық құралдардың қорларын толықтыру және сақтау облыстық Аумақтық қорғаныс бригадасын дамытудың бекітілген бес жылдық бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.

Материалдық-техникалық құралдар «Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ –нің қоймаларында сақталады.

2023-2027 жылдарға арналған Аумақтық қорғаныс бригадасын дамытудың бес жылдық Жоспары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының аумақтық қорғаныс департаментімен келісілді және облыс әкімімен бекітілді.

Аумақтық қорғаныс бригадасының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдармен жасақтау жөніндегі бес жылдық бағдарлама шеңберінде Аумақтық қорғаныс бригадасын дамытуға, оны материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 1 739 256,807 (1 млрд. 739 млн.256 мың 807 тг) бөлу жоспарланған.

Облыстың Аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшелерін дамытудың бес жылдық бағдарламасы шеңберінде Аумақтық қорғаныс бригадасын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге мақсатында 2025 жылы 265 млн 047 мын.теңге бөлінді.

Есепті кезеңде Басқарма келесі жұмыстарды атқарды:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс жоспарын іске асыру мақсатында басқарма екі облыстың бөлінуін ескере отырып, әскери қатерлердің өсуі кезіндегі іс-қимыл жоспарын (жұмылдыру жоспары, аумақтық қорғаныс жоспары, аумақты жедел жабдықтау жоспары қосымшаларымен) қайта өңдеді және бейінді министрліктермен келісілді, облыс аумағын жедел жабдықтау жоспарын, облыс әкімінің облыстың аумақтық қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі өкімін қайта өңдеу бойынша жұмыс жалғасуда. ҚР ҰЭМ жазбаша нұсқауына сәйкес дайындық дәрежелері бойынша пакеттер салу туралы облыс әкімінің өкімі бекітіліп қала мен аудан әкімдерінің аппараттарына жіберілді. Алматы облысы әкімдігінің «Қорғаныс кеңесін құру туралы» қаулысы және «Қорғаныс Кеңесінің Штабын құру туралы» шешімі бекітілді.

Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Атырау облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы саласындағы қызметін тексеру барысында анықтаған кемшіліктерге байланысты, кемшіліктерді  жою туралы Жоспарын және Маңғыстау облысындағы әскери-экономикалық оқу-жаттығулар кезінде анықталған кемшіліктерді жою Жоспарын әзірлеп облыс әкімінің қолымен бекітті.

Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитетінің Азаматтық қорғаныс саласындағы заңнаманы тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бөлігінде конкурстық рәсімдер басталды.

Облыстың қала мен аудан әкімдерінің аппараттарында жұмылдыру дайындығы бойынша штаттық мамандар бар.

Басқарма қызметкерлері ағымдағы жылы сәуір айының
21-30 күндері аралығында Балқаш ауданы Бақанас ауылында Аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасына, батальон басқармасына және  Аумақтық қорғаныс батальонының күзет ротасына тіркелген 78 адам қатысуымен әскери міндеттілердің тактикалық-арнайы жаттығуларына қатысты.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментімен әскерге шақыру пункттерін жайластыру үшін Қорғаныс министрлігінің (республикалық бюджет) теңгерімінде тұрған жеке тұрған немесе жергілікті әскери басқару органдарының әкімшілік ғимаратымен біріктірілген әскерге шақыру пункттерін әкімдіктердің коммуналдық меншігіне (жергілікті бюджетке) иеліктен шығару (беру) жөніндегі Жол картасын әзірледі.

 Облыстық әскерге жинақтау пунктінде күзгі шақыру науқанын ұйымдастыруды өткізу мақсатында дайындық жұмыстары объектінің құрылтайшысының және «Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ күштерімен барлық қызметтік үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары жүріп жатыр.

Анықтама үшін: 2025 жылы 30 маусымда мерзімді көктемгі әскери қызметке жинақта аяқталды, Алматы облысы 1763 адамды шақыра отырып жоспарыды 101,2% орындады (наряд – 1742 адам; шақырылған -1763 чел).

Облыстық жинақтау пунктінің ғимаратын жалға алу үшін 2025 жылы 77 млн 990 мың теңге, облыстық құрама пунктінде әскерге шақырылушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін 59 млн 198 мың теңге, әскерге шақырылушыларды тасымалдауға – 10 млн 080 мың теңге бөлінді, әскерге шақыруға қатысты қаржыландырудың барлық мәселелері толық көлемде шешілді.

Медициналық куәландыру үшін облыстық жинақтау пунктінде 11 медициналық комиссия және 1 облыстық медициналық комиссия құрылды.

Медициналық комиссиялар құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Медициналық комиссияларда 109 дәрігер мен 46 орта медицина қызметкері жұмысқа тартылды.

2024 жылы облыстық құрама пунктіне арналған медициналық құралдардың жаңа жиынтығы сатып алынды.

Медициналық комиссияларды медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге және интеграциялау мақсатында, медициналық комиссияларға компьютерлік техниканы сатып алу жоспарлануда (облыстық жинау пунктінің ғимараты мобильді Интернет желісіне қосылған). 

Барлық процестерді автоматтандыру үшін технологияларды енгізуге байланысты Басқарма облыстың денсаулық сақтау басқармасымен және қорғаныс істері департаментімен бірлесіп 2025 жылы облыстың барлық медициналық комиссиялары үшін «Е-медициналық байқау» медициналық ақпараттық жүйесін әскерге шақырылушыларды медициналық байқаудың бірыңғай жүйесіне интеграциялау бойынша конкурстық рәсімдер өткізеді.

 

Дата публикации
25 июля 2025
Дата обновления
25 июля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы