Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы мен Ақпараттық технологиялар орталығының атқарған жұмысы

2025 жылдың бірінші тоқсанында Alatau Hub алаңында 50-ге жуық іс-шара өткізіліп, жалпы қамту 1000-нан астам адамды құрады. Іс-шаралар қатарында Speaker Talks, воркшоптар, хакатондар, байқаулар, Pitch Day және IT-кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өзге де бастамалар бар. Сонымен қатар, технология саласына қызығушылығы бар жастарды біріктіретін үш мамандандырылған клуб ашылды: RoboSphere, DesignLab және Web.club.

Маңызды бастамалардың бірі – Digital Keruen жобасы болды. Аталған жоба аясында облыстың 7 ауданы қамтылып, лекциялар, мастер-класстар мен ашық кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп іске асырылған бағдарлама аясында 500-ден астам мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект құралдарын (ChatGPT, Gemini, Claude және т.б.) қолдану бойынша оқудан өтті. Аталған кезеңдегі маңызды оқиғалардың бірі – Google Developer Expert Vrijraj Singh қатысқан GDG іс-шарасының өткізілуі.

Сонымен қатар, технопарк инфрақұрылымы кеңейтіліп келеді: 5 жаңа IT-компания резидент ретінде тіркелді, коворкингті пайдалану бойынша 4 келісімшарт жасалды, Қонаев қаласының колледжімен ынтымақтастық туралы меморандум жаңартылды. Сонымен қатар, Astana Hub платформасы арқылы 112 адам онлайн оқуда, бұл өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруға үлес қосуда.

2025 жылдың қаңтарында ҚР Цифрлық даму министрлігінде «Smart City» тұжырымдамасы табысты қорғалып, 70 балл алып, мемлекеттік басымдықтарға сәйкестігі расталды. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша қорытынды қорғалып, цифрлық жобаларды практикалық жүзеге асыруға құқықтық және техникалық негіз қалыптасты.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалалық инфрақұрылымды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жобасы іске асырылуда: 9 100 сыртқы бейнекамера және 325 автоматтандырылған бақылау бекеті орнатылды. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті арттырып, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүйені пайдалануға беру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік салада цифрлық шешімдерге ерекше көңіл бөлінуде. Alatau Hub-мен бірлесіп, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректер базасы жаңартылды, бұл әлеуметтік қорғау саласындағы ведомствоаралық талдаудың тиімділігін арттырды. Сонымен қатар, қазақ тілін оқуға арналған жасанды интеллект элементтері бар чат-бот әзірленіп, қолданушылардың білім деңгейіне бейімделген.

Қонаев қаласының орталық жағажайында Freedom Group қатысуымен жүзеге асырылған инвестициялық жоба аясында қоғамдық орындарды бақылауға арналған AI-бейнекамералар орнатылып, демалыс аймағында жайлы әрі қауіпсіз орта қамтамасыз етілді.

«Smart City» тұжырымдамасы аясында облыстың қалалары мен аудан орталықтарын қамтитын «Бірыңғай диспетчерлік коммуналдық қызметтер жүйесі – 109» автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеуде. Жыл басынан бері байланыс орталығына 9 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың 90%-ы сәтті өңделді. Бұл коммуналдық қызметтердің жүктемесін азайтып, тиімділігін арттырды.

Сонымен қатар, «Алсеко» платформасы негізінде біріңғай есеп айырысу орталығына аудандарды интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл процесс есеп айырысу операцияларын орталықтандыру мен автоматтандыруға, коммуналдық қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беру саласындағы цифрландыру жұмыстары да жалғасуда: 1 052 (99,7%) мектепке дейінгі ұйымдарға QR-код модулі енгізілді, бұл «өлі жандарды» анықтап, мақсатсыз қаражат жұмсаудың алдын алды.

Миграциялық ағындарды есепке алу бойынша ақпараттық жүйе әзірленіп, енгізілуде. Жоба уақытша және тұрақты тұратын мигранттар туралы деректердің өзектілігін қамтамасыз етуге, мониторинг жүргізуге және жедел әрекет етуге бағытталған бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастыруды көздейді.

Есептік кезеңде ҚР Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тарапынан ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Нәтижесінде тиісті ұсынымдар беріліп, ақпараттық жүйелерді қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар шаралар іске асырылуда.

2025 жылдың қаңтарында Жамбыл ауданының Сарыбай би ауылында FWA пилоттық жобасының нәтижелері таныстырылып, іс-шараға Алматы облысының әкімі, ҚР цифрлық даму министрі, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы және ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қатысты. Сонымен қатар, аймақтық инновациялық орталық – Alatau Hub және «Freedom Telecom» ЖШС жобалары ұсынылды.

Ұялы байланыс инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. «КаР-Тел» ЖШС бірлесіп, Қонаев қаласының Құрылысшы ықшам ауданында, Бесагаш және Көкпек ауылдарында базалық станциялар орнатты. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Рахат ауылын байланыспен қамтыды – бұл бұған дейін қамтусыз қалған жалғыз ауыл болатын. Сонымен қатар, Қонаев қаласында әскери парадтың тікелей трансляциясы ұйымдастырылып, «Ұлы Дала Жорығы» марафонына, «Өрт-2025» оқу-жаттығуларына және «Қымызмұрындық – 2025» ат жарысына қатысушылар үшін интернетпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, өңірде қосымша 4 базалық 4G станциясы (Kcell АҚ) орнатылды: Талғар ауданының Береке және Талдыбұлақ ауылдарында, Қонаев қаласының Шеңгелді ауылында және Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында. Сонымен бірге, 5G желісінің 11 базалық станциясы (Kcell АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС) іске қосылып, байланыс сапасы мен қамту ауқымы арта түсті.

«SmartGeoHub» ақпараттық жүйесіне деректерді жаңарту және толықтыру жұмыстары жүргізілді, қолданыстағы қабаттарға талдау жасалып, ашық контурда зираттар туралы жаңа қабат қосылды. Алатау қаласының әкімдігі аппараты қызметкерлері үшін геопорталмен жұмыс істеу, оның ішінде жер телімдерін беру және электронды аукциондарды өткізу бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Алматы облысының цифрлық сервистеріне арналған бірыңғай бет пен авторизациясы бар «бір терезе» қағидаты бойынша Геопорталды дамыту жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, «KeyHorse» ЖШС-пен ынтымақтастық аясында «Ialmobl.kz» сервисі жаңартылып, азаматтардың өтініштерін қабылдау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерін автоматтандыру бойынша функциялар кеңейтілді. Қазіргі уақытта 227 өтініш қабылданып, халықты хабардар ету жұмыстары жалғасуда.

Техникалық деңгейде 342 ZOOM, 131 POLYCOM және 8 QOSYL форматындағы бейнеконференциялар қолдаумен қамтамасыз етілді, DLP «Киберстраж» ақпараттық қауіпсіздік жүйесі енгізілді. ETS GO – Documentolog, E-otinish, E-Qyzmet жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуде. Облыс мекемелерін IP VPN арналарына қосу бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен ынтымақтастық жүргізілуде.

Қорытынды:
Алматы облысы цифрлық инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып, қауіпсіздікті күшейтіп, АКТ қызметтерінің қолжетімділігін арттыруда. Мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған инновациялық шешімдер енгізіліп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосып келеді.

Дата публикации
25 июля 2025
Дата обновления
25 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы