2025 жылдың 29 мамырда облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 8 азамат келіп, олар 13 сұрақ көтерді.
Қабылдау барысында облыс тұрғындары негізінен бірнеше маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Олардың арасында су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары, үлескерлердің мәселесі, мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамтамасыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу жөніндегі сұрақтар талқыланды.
Облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, олардың шешімін бақылауға алуды тапсырды.