Меню

Страницы

Статья

Қаржы реттеушісі шілдеде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қандай өтініштерін қарады

2020 жылғы шілдеде Агенттіктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі қарыз алушыларға қарыздар (микрокредиттер) бойынша берешекті қайта құрылымдауға, оның ішінде негізгі борыш пен сыйақының сомаларын төлеуді тоқтата тұруға көмек көрсетуге, сондай-ақ төтенше жағдай мен карантин кезеңінде халықты және бизнесті қолдау бойынша қабылданатын шараларды түсіндіруге шоғырландырылды.

2020 жылғы шілдеде Агенттік қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1 578 өтінішін қарады. 202 жылғы маусыммен салыстырғанда қаралған өтініштер саны 36%-ға (немесе 417 өтінішке) көбейген, бұған негізінен коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты карантиндік шараларды күшеюі себеп болды, нәтижесінде көптеген қарыз алушылардың кірістері төмендеп, банктік қарыз және микрокредит беру туралы шарттары бойынша міндеттерін орындауға қатысты қиындықтар туындады.

 Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қаралған өтініштер саны 34%-ға (немесе 812 өтінішке) азайған, бұған себеп 2019 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының қабылдануына байланысты азаматтардан көптеген өтініштердің келіп түсуі болды.

Есепті кезеңде өтініштердің басым бөлігі банк секторына (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға) келеді және өтініштердің жалпы санының 69%-ын құрайды. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және қаржы нарығының субъектілері және (немесе) қаржылық қызметтер туралы ақпаратты түсіндіруге қатысты қаралған өтініштердің үлесі қаралған өтініштердің жалпы санының 21%-ын құрайды. Өтініштердің қалған бөлігі қаржы нарығының секторлары бойынша былайша бөлінген: қаралған өтініштердің жалпы санының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша – 6%, сақтандыру нарығы субъектілері бойынша – 2% және коллекторлық агенттіктер бойынша – 2%.

Есепті кезеңдегі өтініштердің өзекті мәселелері мыналар болды: банк секторында: §берешекті қайта құрылымдау (шарттарын өзгерті), оның ішінде кредиторлардың қосымша төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну; §берешекті кешіру (есептен шығару) арқылы борыш жүктемесін азайту; §мемлекеттік бағдарлама шарттары бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру; § кредит тарихын түзету. сақтандыру секторында: § сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мәселелері; § сақтандыру заңнама нормаларын түсіндіру. микроқаржылық секторда: § төтенше жағдай кезеңінде төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынбау; §микрокредит бойынша ЖТСМ мөлшерімен келіспеу; §микрокредит бойынша төлемдерді тоқтата тұру кезеңінде кредитордың айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуі; § - микроқарызды заңсыз ресімдеу; коллекторлық агенттіктер қызметі бойынша: § коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері; § коллекторлық агенттіктердің қарызды үшінші тұлғаларға беру заңдылығы.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Агенттік 2020 жылғы 26 наурыздан бастап жедел желіні іске қосты (колл-орталық +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122, электрондық пошта: Fingramota@finreg.kz және TAL@finreg.kz), ол арқылы халыққа консультация беріледі және жеке тәртіппен проблемалық мәселелер шешіледі. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 20,8 мыңнан астам азаматқа түсіндірме берілді. Өтініштерде көрсетілген ең өзекті мәселелер: - әлеуметтік төлемдерді алуға кедергі келтіретін шоттардағы шектеулер; - кредиторлардың төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуы - кредиттік ұйымдардың ағымдағы төлемдерді жүргізу қажеттілігі туралы хабарламалары және міндеттемелерді орындамау, кредит тарихының нашарлауын қоса алғанда төлем мерзімін кешіктірудің салдары туралы ескертулері.

2020 жылғы 25 маусымда Агенттік «Fingramota Online» мобильдік қосымшаны іске қосты, ол халықпен және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бойынша бизнеспен, қаржылық және өзге де ұйымдардың қызметімен өзара іс-әрекетінің, қаржылық сауаттылықты арттыру және басқа мәселелер бойынша қолайлы құралы болып табылады. Қосымша іске қосылған сәттен бастап мыңнан астам азамат осы мобильдік қосымша арқылы қаржы реттеушісіне сұрақтар қойды.

Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар

2020 жылғы шілдеде екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер), сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша Агенттік 9 қадағалап ден қою шарасын, 2 шектеулі ықпал ету шарасын қолданды және жалпы сомасы 2 336 748 теңгеге 5 әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде мыналарға қатысты:

 1) банктер – жалпы сомасы 531 048 теңгеге 3 әкімшілік айыппұл, 9 қадағалап ден қою шарасы;

2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – жалпы сомасы 1 805 700 теңгеге 2 әкімшілік айыппұл, 2 жазбаша ұйғарым;

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын негізгі бұзушылықтар:

2020 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасының қаржы секторына шолу 29 29 - банктердің төлем құжаттарын және Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібінің талаптарын орындауға;

 - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуге және дәйексіз көрсетуге байланысты болып келеді.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.

2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде банктер 01.08.2020ж. қайта қаржыландыру бойынша 175,1 млрд. теңге сомаға 28 158 өтінімді мақұлдады, 162 млрд. теңге сомаға 27 077 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдың басынан бастап 3,5 млрд. теңге сомаға 427 қарыз қайта қаржыландырылды.

01.01.2016 жылға дейін берілген жеке тұлғалардың валютадағы ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейтін Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 01.08.2020 ж. қайта қаржыландыру бойынша 82,7 млрд. теңге сомаға 9 125 өтінімді мақұлдады, 69,1 млрд. теңге сомаға 7 789 валютадағы ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдың басынан бастап 3,6 млрд. теңге сомаға 284 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бұдан басқа, банктер Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде қарыздары бұрын ХӘОТ санаты бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және жеңілдік берілген төлем кестелерін белгілеу түрінде қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банктің балансындағы қарыз алушының жалғыз үйін оның меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.

Дата публикации
07 сентября 2020
Дата обновления
07 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы