2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Алматы облысының
ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» № 161/306 қаулысына сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 150 (жүз елу) дана;
Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 96 (тоқсан алты) дана;
Кеген ауданы Шырғанақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 10 (он) дана болып белгіленсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
10 ақпан 2025 жыл №13