2025 жылғы 3 ақпанда облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға 11 адам қатысып, 16 мәселе көтерілді. Тұрғындар көбінесе ауылдардың инфрақұрылымы, жер мәселелері және тұрғын үй жайлы сұрақтар қойды. Әкім барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қадағалауды тапсырды.