Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі У.С. Қалжанов жиі орын алатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің қызметтік автокөлігін пайдаланушыларға Алматы облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы М.Қ. Кисиковтың қатысуымен жол жүрісі қағидаларына құқықтық оқыту жүргізуді ұйымдастырды.
Оқыту барысында М.Қ. Кисиковпен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың қажеттілігі мен маңыздылығы түсіндірілді, құқық бұзушылықтардың негізгі себептері талқыланды және олардың алдын алу жолдары ұсынылды, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша кеңестер алды.