Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі У.С. Қалжанов облыстық дін істері басқармасының қызметкері Қ.С. Садуақасовпен бірлесіп Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, діни қызмет салаларындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.
Кеңес барысында Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.