Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы аумағындағы демалыс аймақтарының тексеру жұмыстары

Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бақылауында 171 демалыс аймақтары бар. Алматы облысы бойынша аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларымен мобилді топтарының құрамында карантиндік тәртіп пен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша 147 демалыс аймақтарына рейдтік тексерулер жүргізілді.

Тексерістер барысында Сарқан ауданы Балқаш көлінің жағалауындағы ЖК Чепурченконың «Әулиетас» және ЖК Пономареваның «Арна» демалыс аймақтарында өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтсақ, қызметкерлер мен демалушыларға термометрия жүргізуге арналған тепловизорлары жоқ, ғимаратқа кіру және шығу аймақтарында санитайзерлер орнатылмаған, ғимарат ішінде келушілер арасында кемінде 1,5 м қашықтық сақталмайды, бір рет қолданылатын қолғаптар, бетперделер және дезинфекциялау құралдарының қорлары жоқ. Тексеріс нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік хаттама толтырылып, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Мониторинг барысында аумақтық басқармалардың мамандары демалыс аймақтарының кәсіпкерлерімен және демалушылар арасында аумақтың және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысындағы талаптарды сақтаулары және орындаулары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

 
Дата публикации
20 августа 2020
Дата обновления
20 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы