Меню

Страницы

Статья

Қоршаған ортаға жүргізілген мониторингтің нәтижелері

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарымен халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында елді мекендердің ауыз су жүйесіне, су айдындарына, атмосфералық ауаның және топырақтың жай – күйіне тұрақты негізде санитариялық – эпидемиологиялық  мониторинг жүргізіледі.

Санитариялық – эпидемиологиялық мониторингке сәйкес Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарымен 2020 жылдың 6 айында келесі жұмыстар атқарылды:

1)      Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары бар, облыстық және Республикалық маңызы бар жол торабы өтетеін елді мекендерде санитариялық – химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның – 1536 сынамасы зерттеліп, оның ішінде рұқсат етілген шекті шоғырланудан 12 сынама немесе 0,8% асқан. Гигиеналық нормативтерден артуы Талдықорған қаласында бензин буымен, Іле ауданында көміртек тотығы (күйе) бойынша байқалады.

2)      Ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын жерүсті су объектілері болып саналатын 1 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге көрсеткіштерге 125 су сынамалардан алынып, оның оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштер боййынша 1 сынама немесе 0,8% (ЛКП индексі) санитариялық талаптарға сәйкес келмеді.

3)      Жаппай демалу үшін пайдаланылатын, сондай-ақ елді мекендер шегінде орналасқан жерүсті су объектілері болып саналатын 2 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық көрсеткіштерге 130 су сынамалары алынып, оның ішінде 4 сынамасы немесе 3,1% (ЛКП индексі нормадан жоғары) оң нәтиже көрсетсе, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге алынған 130 су сынамаларының 5 сынама немесе 3,8% (жүзбелі қоспалар, өлшенген заттар, аммиак) санитариялық талаптарға сәйкес келмеді. 

4)      Топырақтан санитарлық – химиялық көрсеткіштерге 55 сынама,  микробиологиялық көрсеткіштерге 60 сынама және паразитологиялық көрсеткіштерге 22 сынама алынып зерттелді, оң нәтижелі сынамалар анықталған жоқ.

5)      Елді мекендердің орталықтандырылған ауыз су жүйелерінен санитариялық – химиялық  көрсеткіштерге – 685 су сынамалары алынып, оның 19 сынамасы немесе 2,77% санитариялық талаптарға сәйкес келмеді (түстілігі, лайлылығы және кермектілігі), микробиологиялық  көрсеткіштерге – 687 су сынамалары алының, оның 21 снамасы немесе ,06% санитариялық талаптарға сәйкес келмеді (жалпы микробтық саны, колиформ бактериялары,  термотолерантты колиформдық бактериялар).

Санитариялық – эпидемиологиялық мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша аудан, қала және ауыл әкімдеріне барлығы 5 ақпарат, санитариялық індетке қарсы және санитариялық – профилактикалық іс – шараларды жүргізу туралы 5 қаулылар берілді. Сонымен қатар, «Алматы облысы бойынша экология департаменті» РММ, Іле ауданының прокуратурасына хаттар жолданылды.

 

Дата публикации
20 августа 2020
Дата обновления
20 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы