Меню

Страницы

Статья

Қапшағай су қоймасында алты адам құтқарылды.

15 тамызда түнгі сағат 2-05-те Алматы облысының ТЖД Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында моторлы қайықта алты адам қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар дереу шықты. Келгеннен кейін алты демалушының 9 орындық моторлы пластикалық қайықпен серуендеуге кеткені белгілі болды. Олардың қайығы техникалық ақауларға байланысты су қоймасының ортасында тоқтады.

Адамдар қайықта құтқару кеудешесіз болған.

1988 жылы туған үш ер адам және үш әйел (екеуі-1999 жылы туған, біреуі 2000 жылы туған) құтқарылып, жағаға жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- қараңғы түскенде және мас күйінде жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;

- гидрокутерлерде және қайықтарда мінуге бара жатқанда, олардың жарамдылығын және бактағы бензиннің бар-жоғын тексеріңіз;

- құтқару және су төгу құралдарынсыз, сондай-ақ дауылды ауа райында жүзуге шықпаңыз;

- тек жабдықталған жағажайларда және шомылуға арналған, ресми рұқсат пен құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

- жүзуді білмей, белден жоғары суға түспеңіз;

- суға шомылу кезінде бір-біріңізді жоғалтпаңыз;

- жағалаудан қашық жерде буи мен қоршау белгілерін жүзіп өтпеңіз;

- жақын катерлерге немесе қайықтарға жүзбеңіз;

- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;

- тым ұзақ шомылмаңыз, гипотермия және шаршау мүмкін;

- балаларды бір минутқа қараусыз қалдырмаңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
20 августа 2020
Дата обновления
20 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы