Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру аясында 2024 жылы келесі іс-шаралар орындалды.
"Жұқпалы аурулардың алдын алу", "Жұқпалы емес аурулардың алдын алу", "Мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу", "Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау", "Репродуктивті денсаулықты қорғау", "Жарақаттанудың алдын алу", "Психикалық денсаулық" тақырыптары бойынша 272 іс-шара ұйымдастырылып, 14 мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылды.
136 608 дана ақпараттық-білім беру материалдарын шығарылды.
Облыстағы 9 аудан және 1 қалада жатыр мойны обырының алдын алу бойынша 10 баннер орналастырылды.
Қонаев қаласы, Жамбыл даңғылы 13 мекен-жайында орналасқан LED-экран арқылы 10 қазан – 10 желтоқсан аралығында «Туберкулездің алдын алу», «Инсульттің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптары бойныша 30 секундтық бейне роиктер көрсетілді.
Веб-сайтта, әлеуметтік желілерде өткізілген шаралар бойынша 300-ден аса ақпарат жарияланды.
Алматы облысында өткізілген салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізілді. Барлығы 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 173 мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылды.