Меню

Страницы

Статья

Сақтандыру төлемін алу үшін күмәнді адамдардың қызметтеріне жүгінген дұрыс па?

Қазақстанның сақтандыру нарығы белсенді түрде дамуда. Үнемі пайда болатын жаңа өнімдер мен қызметтердің шеңберінде тұтынушыларға шарттың барлық қыр-сырын, әсіресе сақтандыру жағдайы басталған күйзеліс жағдайында түсіну қиын. Сондықтан азаматтар лицензияланбаған делдалдардың немесе халық арасында «көмекші» деп аталатындардың қызметтерін пайдалану арқылы қаржылық шығындарға ұшырайды.

  

Fingramota.kz бұл мәселе бойынша көмектеседі

Бірден айта кету керек, ресми және құқықтық салада жұмыс істейтін заңды ұйымдар бар, олар ақылы негізде кеңес беру қызметтерін, оның ішінде сақтандыру секторында да көрсетеді. Алайда, «көмекшілер» заңның әрпін сақтауға немесе өз клиентінің мүдделерін білдіруге емес, сақтандыру сомасын төлеуді жеделдетуге және оның бір бөлігін алуға мүдделі. Сонымен қатар, олардың қызметтерінің құны ресми ұйымдарға қарағанда едәуір жоғары және тиісті сақтандыру төлемінің жартысынан да көп болуы мүмкін.

Көбінесе мұндай жағдайлар автосақтандыру нарығында туындайды. «Көмекшілердің» жұмыс істеу қағидаты олардың ЖКО бойынша сақтандыру төлемі процесін едәуір жылдамдатуға, оның мөлшерін ұлғайтуға (бұл кәсіби бағалау мен сараптама жүргізуге байланысты мүмкін емес) уәде беретіндігіне негізделген және әлеуетті клиенттен тиесілі төлемді өз бетінше алу еш жағдайда жұмыс істемейтініне баса назар аударады. Бұл ретте олар сенімхат алу үшін пайда алушыға және оның атынан әрекет ету құқығына әсер етуге тырысады. Осындай сенімхаттың арқасында олар клиенттің атынан сақтандырушының кассасынан сақтандыру төлемін қолма-қол ала алады немесе оны алу үшін өз шотын бере алады.

Бұл ретте сақтандыру ұйымдары онсыз да заң бойынша өз міндеттемелерін орындауға және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті екенін түсіну керек. Ал сақтандыру ұйымының клиенті болып табылатын кез келген азамат қажетті құжаттарды дербес жинап, тиісті төлемді делдалсыз ала алады.

Бұдан басқа, даулы жағдайларда азаматтарды қолдау үшін сақтандыру компанияларымен сақтандыру омбудсманы институты жұмыс істейді, ол өз қызметінде сақтандыру шартының тараптары арасындағы өзара қарым-қатынастарды өтеусіз негізде реттеуді жүзеге асыратын, азаматтар тегін консультация мен құқықтық қолдау ала алатын жеке тұлға болып табылады.

Сақтандыру компаниясы өз клиенттерінің құқықтарын бұзуға жол берген жағдайда, клиенттер ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлерде Агенттіктің Өңірлік өкілдерінің басқармаларына жүгіне алады және реттеушіден тиісті қолдау ала алады. Және бұл тегін іске асырылады.

Сақтандыру нарығы субъектілерін қадағалау және бірінші жартыжылдықта азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарау шеңберінде реттеуші  сақтандыру ұйымдарына қатысты 4 қадағалап ден қою ұсынымдық шара шығарды, сондай-ақ  530,2 мың теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза қолданды.

Осылайша сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыс істеуде және тиімді жұмыс істеуді, ең бастығы азаматтарға тегін қызмет көрсетеді. «Сондықтан сізге тиесілі сақтандыру төлемін алу үшін үшінші тұлғаны тартудың еш қажеті жоқ. Сонымен қатар, бұл үшін «сақтандыру көмекшілері» өз қызметтері үшін талап ететін айтарлықтай  сома төлеудің қажеті жоқ».

ЖКО немесе басқа да сақтандыру жағдайы болған кезде азаматтарда болатын тәжірибесіздікті, күйзелісті және эмоцияны пайдаланып, жалғыз мақсаттары ақша табу. Шарт жасай отырып, клиенттен мүдделерін қорғауға және қаражат алуға сенімхат ала отырып, «сақтандыру көмекшілері» өз мүдделерін ғана қорғайды және оның үстіне бұл үшін нарықтық емес сыйақы талап етеді. Сондықтан барлық азаматтарды қаржылық сауаттылықтарын арттыруға, шарттарды, оның ішінде сақтандыру шарттарын мұқият  зерделеуге, өз құқықтарын білуге және оларды қорғай білуге шақырамыз. Ал даулы немесе түсініксіз жағдайлар туындаған кезде тиісті органдар - сақтандыру омбудсманына немесе Агенттікке түсіндіру және қорғау үшін жүгініңіздер.

 

Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз,

қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!

 

 

 

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы