2024 жылғы қаңтар-маусымға жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2406534,8 млн. теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 7,3% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 40,1%, қызметтер көрсету – 53,2% құрады.
Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қаңтар–қазанға 2023 жылғы қаңтар–қазанмен салыстырғанда 106,1% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы – 4,8%, азық–түлік емес тауарлардың – 6,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 9,4% өсті.
2023 жылдың қаңтар–қазанмен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар–қазанында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 6,7% ұлғайды.
2024 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі 531162,6 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,1% құрады.
2024 жылғы қаңтар-қазандағы көтерме сауда көлемі 785143,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,8% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЕАЭО елдерімен өзара сауда 732,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,3% азайды, оның ішінде экспорт – 253,6 млн. АҚШ долларын (1% азайды ), импорт – 479 млн. АҚШ долларын құрады (7,4% азайды).