2024 жылғы 1 қазанға Алматы облысның халқының саны 1551,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 302,4 мың адам (19,5%), ауыл тұрғындары – 1249,0 мың адам (80,5%).
Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке 17124 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 18251 адам).
2024 жылғы қаңтар- қыркүйекке туылғандар саны 24221 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3,5% азайды), қайтыс болғандар саны 7097 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 3,8% көбейді).
Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 3059 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 392 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда оң көші-қон айырмасы 2294 адам (2023 жылғы қаңтар- қыркүйекте - 948 адам), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – 765 адам (2023 жылғы қаңтар- қыркүйекте ( -556) адам).