Қазіргі уақытта Алматы облысында барлығы 515 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.
Анықтама: 320 қоғамдық бірлестік, 195 қоғамдық қор. Олардың ішінде Ұйғыр ауданында - 11, Балқашта 8, Іле ауданында - 50, Қарасайда - 44, Қонаев қаласында - 26, Жамбылда - 25, Райымбекте - 3, Кегенде - 6, Еңбекшіқазақта - 37, Талғарда - 72 ҮЕҰ қызмет атқаруда.
Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары - халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.
Осыған орай, Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрамы бекітіліп, өз қызметін атқаруда.
Жыл басынан облыстық, 9 аудан және 2 қалалық тіркеуден өткен ұйымдар тарапынан жалпы 200-ге жуық іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде Мемлекет Басшысының Жолдауын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жастармен жұмыс, балалардың құқығын қорғау, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету, ардагерлер мен қарияларды әлеуметтік қорғау және өзге де маңызы бар қоғамдық жұмыстар, акциялар, қайырылымдылық шаралар, кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылған.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2024 жылы бюджеттен ішкі саясат басқармасымен 53,5 млн. теңге бөлініп, 6 жоба белгіленді. Жобалар қатарына «Адал азамат-саналы қоғам», «Алматы облысының қоғамдық кеңестерінің әлеуетін арттыру», «Этносаралық келісім», «ҮЕҰ-ның Консалтинг Орталығының қызметін ұйымдастыру», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Гендерлік мәселелер» сияқты өзекті тақырыптар енгізілді.
Сондай-ақ, Алматы облысы әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес бірінші тоқсанда облыстық басқармалардың (дін, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы, екінші тоқсанда Қонаев қаласы, Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл аудандарының, үшінші тоқсанда Ұйғыр, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген аудандарының жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы, төртінші тоқсанда 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының немесе мемлекеттік гранттардың жүзеге асырылуы туралы есебі және 2025 жылға арналған Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын немесе мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін талқылау жөніндегі кеңестің отырыстары өткізілді.