Цифрлық трансформация саласында белсенді жұмыс жалғасуда.
Облыста ақпарат және байланыс саласында қызмет көрсететін 246 кәсіпорын жұмыс істейді. Ағымдағы жылы бұл кәсіпорындар 14,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 124,6%-ға артық, оның ішінде байланыс қызметтері 12,9 млрд теңгені құрап, 104,4%-ға өсті. Интернет сервистері, басқа да телекоммуникациялық қызметтер және ұялы байланыс ең көп сұранысқа ие қызметтер болып қала береді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 300-ден астам маман даярланады. Бұл көрсеткіш С. Демирел атындағы университетті, колледждерді қоса алғанда, 15 білім беру мекемесінің еңбегі арқасында мүмкін болып отыр.
Басқарманың бастамасымен болашақта облыста цифрландыру саласында қызмет ететін мамандарды даярлау мақсатында С.Демирел университетінің екі ректорлық гранты облыстың мектеп бітіруші түлектеріне берілді. Грантқа үміткерлер ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуде «Математика-Информатика» бағытында кемінде 85 балл жинаған оқушылар іріктеліп, өздерінің болашақтарын ІТ саласымен байланыстыратын, ағылшын тілін жақсы меңгерген, бағдарламалау бойынша әртүрлі деңгейлердегі олимпиадаларға қатысқан екі түлек грант иегері атанды.
Сонымен қатар, өңірде заманауи технологияларды оқыту, жасанды интеллектті дамыту және цифрлық трансформацияны ілгерілету мақсатында «Alatau Hub» инновациялық орталығы ашылды. Бұл орталық IT қауымдастықтарды құруға арналған алаң болып табылады.
Орталық ашылған сәттен бастап IT саласын дамытуға бағытталған 30-дан астам іс-шара өткізілді, олардың қатарында Aqyl Battle, IT Quiz, Speaker Talks, Workshop, Bootcamp бар. Бұл іс-шаралар жас кәсіпкерлерге стартап жобаларын ұйымдастыруға көмектеседі, әсіресе бастапқы кезеңде маңызды. Қазіргі уақытта 30-дан астам оқушы компьютерлік бағдарламалау мен робототехника бойынша білім алуда.
Жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын облыстың мектеп оқушылары арасында IT-жобалар байқауы өткізіледі. Биылғы жылы барлық аудан мен қала мектептерінен 150-ден астам команда қатысты. Нәтижесінде ең үздік 10 IT-жоба анықталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары, алғыс хаттар және демеушілердің бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері интернетке жауапты мамандар мен Қонаев және Алатау қалаларының, аудан және ауылдық округ әкімдерінің телекоммуникациялық желілерді дамыту және заманауи технологиялар бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарға 116 қызметкер қатысты. Тыңдаушылар интернетке қолжетімділік технологиялары, мобильді интернетті ұйымдастыру, нормативтік актілер, заңнамадағы өзгерістер және желі құрылысы бойынша әкімдіктердің құзыреті туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, болашақта қажет болатын тақырыптарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Тәжірибе алмасу және цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылау мақсатында басқарма қызметкерлері Алматы қаласында өткен «Digital Bridge» форумына белсене қатысты. Алматы облысының аумағында инновациялық технологияларды интеграциялау бойынша жаңа бағыттарды іздеуге ерекше назар аударылды, бұл өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге ықпал етеді.
Қонаев қаласын цифрландыру аясында азаматтардың қала әкімдігімен өзара байланысын жақсартуға және ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Smart Qonaev мобильді қосымшасы әзірленді.
Қала инфрақұрылымын цифрландыру аясында Қонаевтағы 99 қоқыс жинау алаңына QR-кодтар орнатылды. Бұл кодтар азаматтарға қоқысты шығарудағы мәселелер туралы коммуналдық қызметтерге жедел хабарлауға мүмкіндік беріп, қаланың экологиялық және санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аймақтағы 17 мектепке өрт шыққан жағдайда шұғыл қызметтерді (109 және ТЖД) автоматты түрде хабардар ететін GSM жүйелері орнатылды. Бұл шешім оқу орындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайлар туындаған кезде жылдам әрекет етуге мүмкіндік берді.
«Smart City» тұжырымдамасы негізінде Алматы облысының қалалары мен аудан орталықтарында «109 – Бірыңғай диспетчерлік коммуналдық қызметтерінің автоматтандырылған жүйесі» құрылды. Бұл орталық тұрғындар мен қонақтардың өтініштерін қабылдайды, коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіреді, келеңсіз жағдайлар мен төтенше жағдайларды шешуге көмектеседі, сондай-ақ өтініштердің уақытылы орындалуын бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Облыс тұрғындары 109 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыра алады.
Қызмет орталығы ашылған сәттен бастап 11 260 қоңырау түсті, оның 99%-ы оң шешіммен аяқталды. 109 қызметі диспетчерлердің жүктемесін айтарлықтай азайтып, тұрғындардың өтініштерін жылдам өңдеуге мүмкіндік беретін тиімді құралға айналды. Алдағы жылдары мемлекеттік органдар тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге бюджет жоспарлауда 109 қызметінің аналитикалық мәліметтерін ескеріп, халықтан келіп түсетін шағымдардың көптігі байқалатын салаларға қаржыландыруды күшейтетін болады.
Алматы облысында интеллектуалды жол және қоғамдық қауіпсіздік жүйелерінде тіркелген деректерді ұсыну жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) келісімі аясында іске асырыла бастады. Жоба заманауи технологияларды пайдалана отырып, аймақтағы жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Жоспарға сәйкес, 2025 жылдың III тоқсанына дейін 9100 қоғамдық бейнебақылау камерасы және 325 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылады.
«Жаппай бейнебақылау» жобасы аясында өңірде 42,2 мың камера орнатылды, оның ішінде 3000-нан астамы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Бұл аймақтағы бақылау және қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Байланыс инфрақұрылымы қарқынды дамып, 4G және 5G базалық станциялары іске қосылуда. Сондай-ақ, АО «Кселл» компаниясымен бірлесе отырып, Қарасай ауданының Қайнар, Сауыншы, Кемертоган, Көкөзек ауылдарында, Іле ауданының Жармұханбет, Екпінді, Жаңадәуір, Көктал, Комсомол ауылдарында, Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында және Талғар ауданының Қотырбұлақ ауылында 4G базалық станциялары орнатылды.
Қонаев қаласында тұрғындарға жоғары жылдамдықтағы 5G мобильді интернетіне қол жеткізу мүмкіндігі берілді, бұл АО «Kcell» және ТОО «Мобайл Телеком-Сервис» компаниялары орнатқан 16 базалық станцияның арқасында мүмкін болып отыр.
Қонаев қаласының Шеңгелді ауылы мен Ұйғыр ауданының Рахат ауылындағы 150 үйге жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз ету мақсатында талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды. Сонымен қатар, кең жолақты интернет Қызылжар, Мыңжылқы және Сарыкөл ауылдарына (Кеген ауданы) жеткізілді. Бұдан бөлек, Қонаев қаласында 65 әлеуметтік нысанды тегін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету үшін 104 км талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізілді.
Starlink спутниктік технологиясын қолдана отырып, ауылдық мектептерді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылып, облыста 73 мектеп интернетке қосылды. Қосылған интернеттің жылдамдығы 200 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Кеген ауданында өткен «Қымызмұрындық-2024» және «Жолан жүйрігі» ат жарыстарын, Талғар ауданының «Алматы ат спорты және поло клубында» әлемге әйгілі шетелдік әртістер қатысқан «Satisfaction fest» фестивалін, Қонаев қаласындағы «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылған «Скала-2024» арнайы жаттығуын, сондай-ақ жаз бойы Қонаев қаласында өткен Aspan Fest іс-шарасын интернетпен қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылы Басқарма 33 шағын байланыс операторымен меморандумға қол қойып, облыстың 134 елді мекенінде жоғары жылдамдықты интернетті талшықты-оптикалық байланыс технологиясы негізінде жүргізу жұмыстарын бастады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде облыста шамамен 70 тұрақты жұмыс орны құрылды.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық автожолдар бойында 17 антенна-мачталық құрылыс нысандарын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. (Кегенский район-4, Уйгурский район-3, Жамбылский район-4, Илийский район-2, Райымбекский район-1, Енбекшиказахский район-3).
«New Towers» ЖШС компаниясымен бірлесе отырып, ТКБҚ «Строитель» учаскесінде қос мақсаттағы тірек-діңгек құрылымы орнатылды. Бұл құрылым ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орналастыруға арналған. Қазіргі уақытта электр энергиясын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың аяқталуынан кейін базалық станциялар орнатылады. Сонымен қатар, Қонаев қаласы аумағында екі жер телімін бөлуге өтінімдер берілді. Алатау қаласының шегінде төрт аймақ анықталды, оның ішінде екеуі Алматы – Қонаев республикалық маңызы бар жол бойында орналасқан және олар бойынша келіссөздер мен алдын ала рұқсат құжаттарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
«KeyHorse» ЖШС компаниясымен жасалған келісім аясында «Геопортал» геоақпараттық жүйесінің, атап айтқанда «Ialmobl.kz» сервисінің жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жаңарту мақсаты — геопорталдың функционалын кеңейту, тұрғындардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер қабылдау және Қонаев қаласындағы жеке және заңды тұлғалар үшін коммуналдық қызметтерді автоматтандыру. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер субъектілерімен («Жылу Орталығы» ШЖҚ МКК, «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС, «АЖК» АҚ Қонаев қаласының РЭС, «Қонаев Су Арнасы» ШЖҚ МКК, «АТО» ЖШС, «Экосервис» ЖШС) қызметтер тізімін бекіту бойынша келіссөздер жүргізілуде, олар кейіннен «Ialmobl.kz» сайтында қолжетімді болады.
«Басқаруға қарасты мекемелердің орталықтандырылған деректер базасы» (ОДБ) ақпараттық жүйесі ата-аналарға білім бөлімдері мен мекемелерге бармай-ақ, портал арқылы өтініш беріп, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға (МДҰ) жолдаманы онлайн режимде алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ОДБ ақпараттық жүйесінде білім беру саласы бойынша 18 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.
Анықтама үшін: Бүгінгі күнге дейін осы жүйе арқылы келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді: құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі, орта, мамандандырылған) қабылдау — 9 350 қызмет; мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін кезекке қою — 4 326 қызмет; құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау — 45 369 қызмет; баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және қамқоршыға жәрдемақы тағайындау — 27 қызмет; қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру — 14 қызмет; кәмелетке толмаған балалардың мүлкін басқару үшін анықтамалар беру — 3 160 қызмет.
QR-кодтарды пайдалану арқылы балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға келуін есепке алу үшін пилоттық режимде «Балалардың қатысу есебі» модулі іске қосылды. Бұл жүйе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға бағытталған. Жүйені дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қосылған мекемелердің қызметкерлері оқытылуда. Бүгінгі таңда 85%-дан астам немесе 3197 ДДҰ қызметкері оқудан өтті.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік бойынша бірыңғай талаптарын сақтау мақсатында тұрақты негізде DLP «Киберстраж» бағдарламасы орнатылған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде халыққа ақпарат жеткізу мақсатында басқарма қызметкерлері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілетін іс-шаралар туралы тұрақты түрде мәлімет береді. Осыған байланысты бірқатар брифингтер ұйымдастырылды, олардың тақырыптары: «Алматы облысының цифрлық егізі», «Радиофобия мәселелері», «109 бірыңғай байланыс орталығының қызметі», «Байланыс сапасын бақылау және абонент құқықтарын қорғау», «Жеке балабақшаларға арналған интеллектуалды биометриялық идентификация жүйесі», «ЕДКС-109 байланыс құралдары» және басқа да тақырыптар қамтылды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (бұдан әрі - МО ИРБП) облыс әкімдігі сайтының ақпараты 100% құрайды және тұрақты негізде өзектендіріледі, салалық мемлекеттік органдарда, аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде ақпаратты өзектендіру және толықтыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп МО ИРБП толтыру бойынша жауапты тұлғаларға оқыту жүргізілді. Бүгінгі күні барлық мемлекеттік органдар МО ИРБП-ға өтті.
Тұрақты негізде «ZOOM» және «POLYCOM» платформалары арқылы бейнеконференцбайланыс қолдану арқылы жоспарланған және кезектен тыс жиналыстарды өткізуге техникалық қолдау көрсетіледі (249/147).
Алматы облысындағы цифрландыру процестері кеңейіп, заманауи технологияларға қолжетімділік пен байланыс, деректерді өңдеу инфрақұрылымының жақсаруына ықпал етіп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуды жалғастыруда.