Меню

Страницы

Статья

Д.Қонаев атындағы БАК филиалының 2024 жылғы вегетациялық кезеңінің қорытындылары

Д.Қонаев атындағы БАК филиалының 2024 жылғы вегетациялық кезеңінің қорытындылары

«Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалы» бойынша Алматы облысындағы екі ірі су қоймасының (Бартогай - 320 млн.м³ және Күрті - 120 млн.м³) арқасында «Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалының вегетациялық маусымы сәтті өтті. Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле және Жамбыл аудандарының ауыл шаруашылық өндірушілеріне толық суару суымен қамтамасыз етілді.

Вегетациялық кезеңде Бартогай су қоймасына 1 345,420 млн.м³, Күрті су қоймасына 179,760 млн.м³ су жиналып, 51,1 мың га суару алқабын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Су үнемдеу технологиялары

Филиал бойынша су үнемдеу технологияларын пайдаланатын суарылатын алаң 4 374 га құрайды, 22 шаруа қожалықтарына тиесілі. Жыл сайын су үнемдеу әдістерін қолданатын шаруашылықтардың саны артып келеді.

Су қоймаларын жөндеу

2023 жылы «Қазгипроводхоз» институты Бартоғай су қоймасының бөгетінің қауіпсіздік декларациясын жасау үшін көпфакторлы зерттеу жүргізді. 2024 жылы Күрті су қоймасына көпфакторлы келесі зерттеу жүргізуліде.
Бартоғай су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілді: жұмысқа арналған суды ағызу құрымылын (рабочий водовыпуск)  нығайту (тасбетон қалау) – 185,798 м³ тас, 17 м³ бетон. Күрті су қоймасында бетондау жұмыстары жүргізілді: бөгет қабырғасының қапталуын жабу (учаскелер бойынша) – 80 м³ бетон, 3,6 тонна арматура (ПК 0+84-тен ПК 1+53-ке дейін).

Каналдарды реконструкциялау

254 «Су ресурстарын тиімді басқару» бюджеттік бағдарламасы аясында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Д.Қонаев атындағы ҮАК магистралды каналының ПК130–ПК138+86 аралығындағы апатты учаскелеріне реконструкция жүргізілуде.

Аяқталған жұмыс көлемдері:

  1. Демонтаж жұмыстары – 8 755,7 м³;

  2. Жер қазу жұмыстары – 6 799 м³;

  3. Гидрооқшаулау жұмыстары – 6 468 м²;

  4. Бетондау жұмыстары – 1 319,62 м³.

Сондай-ақ, филиал аумағындағы ирригациялық және дренаждық жүйелердің техникалық жағдайын жақсарту, су өлшеу құралдарын орнату және штат санын арттыру жоспарлануда.

Вегетацияға дайындық аясында келесі жұмыстар орындалды:

  1. Жалпы ұзындығы 10,08 км болатын механикаландырылған тазалау жұмыстары (жоспар бойынша 20,1 км);

  2. 4 гидротехникалық құрылымда 177 м³ көлемінде бетондау жұмыстары;

  3. Жоспарланған 9 гидробекеттің 6 гидробекетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Тасқын кезеңінен өту".

Су тасқыны кезеңінен апатсыз өту мақсатында тасқынға қарсы шаралар жүргізілді. Жалпы ұзындығы 2,597 км болатын келесі жұмыстар орындалды:

  • Шелек өзенінің арнасын механикалық тазалау: Шелек гидроқұрылысы, ҮАК-ның Бас құрылғысы және Бартоғай су қоймасында – 1,700 км;

  • Күрті өзенінің арнасын Күрті су қоймасында және Тасқұтан су көтергіш бөгетінде тазалау – 0,5 км;

  • Монолитті темірбетон жұмыстары – 17 м³ бетон және 1,5 тонна арматура жұмсалды

Келісімшарттар жасалды:

Филиал бойынша 51,138 мың га суармалы алаңға 2771 тұтынушымен келісімшарт жасалып, нақты су беру көлемі 544,515 млн м³ құрады. Аудандар бойынша көрсеткіштер келесідей:

  • Еңбекшіқазақ ауданы – 2669 келісімшарт, нақты берілген су көлемі – 489,893 млн м³, суарылған алаң – 43,251 га. Негізгі дақылдар – соя, дәндік жүгері, көпжылдық шөптер және бақтар.

  • Іле ауданы – 45 келісімшарт, нақты берілген су көлемі – 17,471 млн м³, суарылған алаң – 1,572 га. Негізгі дақылдар – дәндік жүгері, бақша дақылдары және көкөністер.

  • Жамбыл ауданы – 41 келісімшарт, нақты берілген су көлемі – 13,867 млн м³, суарылған алаң – 1,414 га. Негізгі дақылдар – бақша дақылдары және көкөністер.

  • Талғар ауданы – 17 келісімшарт, нақты берілген су көлемі – 23,221 млн м³, суарылған алаң – 4,9 га.

Барлық каналдар бойынша филиалдың су беру көлемі – 544,515 млн м³.

Филиал бойынша 128 гидропост жұмыс істейді, 2024 жылы олардың 104-і қайта аттестациядан өтті.

Қорытынды

2024 жылғы суару маусымында су тұтынушыларға су толық көлемде жеткізілді.

 

Дата публикации
08 ноября 2024
Дата обновления
08 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы