Меню

Страницы

Статья

Жұмылдыру дайындығы

«Алматы облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы»  ММ жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі құжаттарды әзірлейді және  сол құжаттарды                           Қазақстан Республикасының профельді министрліктерімен келісуді ұйымдастырады.

Облыстың ведомстволық бағынысты мекемелерінде  олардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың жұмысы мекеменің жұмыс жоспарына сәйкес қалыптастырылады, басқарма жылдың есепті кезеңінде келесі жұмыстарды орындады:

Өзінің лауазымдық міндеттері шегінде қосымша зерделеуді, мұқият талдауды және жинақтауды талап ететін Алматы облысында мемлекеттің қорғаныс жоспарын іске асыру бойынша ерекше маңызды міндеттерді орындайды. Жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс құжаттарын әзірлеуді және Қазақстан Республикасының профильді министрліктерімен келісуді ұйымдастырады. Облыстың ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады.

Басқарудың негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысының аумағында жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

- облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысады.

Басқарудың негізгі функциялары:

  • облыста жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
  • жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысады;
  • жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмыс істеуге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
  • жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау;
  • Азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау бойынша көлемдерді көздеу және қажетті шараларды қабылдау;
  • қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
  • азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастырады;
  • әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етеді;
  • аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді ұстауды қамтамасыз ету.

 

Дата публикации
04 ноября 2024
Дата обновления
04 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы