Ағымдағы жылдың 9 айында 14 аудиторлық іс-шара өткізілді, онда жалпы сомасы 7 141 713,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 5 575 200,0 мың теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 1 566 513,0 мың теңге.
Өтелген, қалпына келтірілген, есепке алу бойынша көрсетілген және сәйкес келтірілген жалпы сома 5 516 064,2 мың теңгені құрайды.
Бухгалтерлік есепті және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүргізу кезінде негізгі бұзушылықтарға жол берілді.
Аудит қорытындысы бойынша 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда 3 877,0 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілік туралы 33 хаттама жасалды, сондай-ақ 43 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.