Ерте жүктілікке 13 пен 19 жас аралығындағы жүктілік жатады. Қазақстанда, 2016 жылы 15-17 жастағы жасөспірім-қыздар 1500-ден астам жасанды түсік жасаған, 2017 жылы 15-17 жастағы жасөспірім-қыздарда 1600-ден астам жүктілік тіркелді, жасөспірімдердің 61%-ы жыныстық қатынасты 16-18 жастан бастауға дайын, ал 21%-ы 13 жастан бастауға болады деп есептейді.
Бала жыл сайын есееді. Олардың кейде ата-анасымен бөліскісі келмейтін жеке өмірі бар. Олар қарама-қарсы жынысты кездестіреді, ғашық болады, мүмкін жыныстық қатынасқа түседі және осы кезеңде қолдау мен ақпаратқа мұқтаж болады.
Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
Ерте жүктіліктің алдын алу, ұрпақты болу денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 33 түрлі іс-шара ұйымдастырылып, 2 мыңнан астам адам қамтылды. 25290 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылып, оның ішінде репродуктивті денсаулық бойынша үнпарақ – 22400, отбасын жоспарлау бойынша буклет – 2850 дана.