Темекі эпидемиясы әлемде бұрын-соңды болған, халықтың денсаулығына ең үлкен қауіптердің бірі болып табылады; жыл сайын одан 8 миллионнан астам адам көз жұмады. Олардың 7 миллионнан астамы-темекіні тұтынушылар және бұрынғы тұтынушылар, ал 1,2 миллионнан астамы – қайталама темекі түтінінің әсеріне ұшырайтын темекі шекпейтіндер.
Жыл сайын темекі өсіру үшін шамамен 3,5 миллион гектар жер жойылады. Темекі өсіру жерлердің жойылуына әкеліп соғады, темекі екпелері үшін ормандар кесіліп, топырақтың деградациясына және егіннің жоғалуына әкеледі.
Қазақстанда темекі өнімдеріне сұраныстың төмендеуі темекі шегудің танымалдылығының жалпы төмендеуінің әсерінен де (әсіресе жастар арасында), акциздік салықтың өсуіне байланысты темекі бағасының өсуі нәтижесінде де орын алып отыр.
Темекіні тұтыну жұқпалы емес аурулармен сырқаттанушылықтың 6 жағдайының 1-ін тудырады. Жұқпалы емес аурулары еңбек өнімділігін төмендетеді, денсаулық сақтау жүйесіне ауыр жүктеме түсіреді және жалпы дамуға кедергі келтіреді. Олардан қайтыс болғандардың төрттен бірі - 60 жасқа дейінгі адамдар, бұл еңбек өнімділігін айтарлықтай төмендетеді.
Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу мақсатында (темекішегушілік, нашақорлық, алкоголь) 34 іс-шара ұйымдастырылып, 1,6 мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылды. Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу бойынша 25290 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды, соның ішінде, темекішегушіліктің алдын алу бойынша үнпарақ – 22440, нащақорлықтың алдын алу бойынша буклет - 2850. Қоғамдық орындардағы ЛЭД-экран арқылы нашақорлықтың алдын алу бойынша бейне ролик көрсетілді.